Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3315 0 пікір 5 Тамыз, 2012 сағат 08:09

Сайын Бөлек. Алтын айдарлы ұл (видео)

Сыр бойында туып өскен Толағай  - Илья Ильин тағы да Олимп шыңын бағындырды! Сонымен біздің Ильин спорттың зілтемір көтеру түрінен әлемнің үш дүркін, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері  атанып, дүниені дүбірлеткен байрақты бәскеде Қазақстанның қоржынындағы алтын медальдардың санын беске жеткізді. Тамыз айының 5-іне ауған тамылжыған түннің түңілігін (сағат шамамен Астана уақыты бойынша 01-1.30) бір-бірін құттықтап, арқа-жарқа болып қуанған елдің емен-жарқын үні желпінтті.

Сыр бойында туып өскен Толағай  - Илья Ильин тағы да Олимп шыңын бағындырды! Сонымен біздің Ильин спорттың зілтемір көтеру түрінен әлемнің үш дүркін, Олимпиада ойындарының екі дүркін жүлдегері  атанып, дүниені дүбірлеткен байрақты бәскеде Қазақстанның қоржынындағы алтын медальдардың санын беске жеткізді. Тамыз айының 5-іне ауған тамылжыған түннің түңілігін (сағат шамамен Астана уақыты бойынша 01-1.30) бір-бірін құттықтап, арқа-жарқа болып қуанған елдің емен-жарқын үні желпінтті.

«Адамзаттың бәрін бауырым» деп сүюге мәжбүр ететін бір сиқыр осы - спорт. Спортта ел намысы мен ер намысы қатар сыналады. Сондай сындардан сүрінбей өтіп келе жатқандықтан да болар Илья Ильинді қазақ ерекше жақсы көреді. Өзі де бір сүйкімді бала. Аусарлығы әркез аңғарылып тұрады. Екі сөзінің бірін әзілге бұрып, әрі қиыннан қиыстырып  сөйлемесе, іші кебетін кәнігі Сырдың тумасы. Оның осы сөзшеңдігін сынап 94 келі салмақтағы азулы бәсекелесі ресейлік Александр Иванов: «Илья талант емес, болтун» - яғни «көпіріп көп сөйлейтін көк езу», - деп мысқылдайды екен. «Көк езу» Лондон олимпиадасында тай-таласып қоймай қойған Ивановқа «көкесін» көрсетіп, кімнің мықты екендігін кезекті мәрте дәлелдеп кетті. Осылайша ептеп желпіне сөйлеуімізге болатын шығар, ал, шындығында Иванов та өте тәжірибелі әм әлемге әйгілі зілтемірші. Ол зілтемірді жұлқа көтеруде 185 келені бағындырып, алғашқы кезекте көш бастады. Салмағы Ильиннен 20 грамм жеңіл болғандықтан оның әрбір тапсырысы (зілтемірге қосымша табақ қостыруын айтамыз) көңілімізге күдік ұялатып баққан. Оның үстіне өзі тым салмақты, өзіне-өзі бек сенімді жігіт екен. Оның салмақты жүзінен  30-шы Олимпиадаға тек алтын алу үшін ғана келгені байқалып тұрды. Серпе көтеруде де ол алдыға шықты. 224 келіні екінші кезегінде төбесіне көтеріп, үшінші кезегінде 229-ға тапсырыс берді. Бұл - Ильиннің Бейжің Олимпиадасында көтерген зілтемірінен 1 кг артыққа сермеу деген сөз еді. Бірақ, алкеуде Александр 224 келімен алқынып жолда қала берді. Өйткені Ильин өзінің үйреншікті 228 келісін көтеріп қойған еді. Егер Иванов 229 келіні әуелеткенде Ильинге одан бері дегенде бір келі артық көтеруге тура келетін-ді. Алайда, алтын алқаның алқымын қабарын анық  біле тұра Илья 233 келіге көз тікті. Сөйтсек біздің алтын айдарлы ұл Олимпиадаға қайдағы бір ивановтармен (әзіл) жарысу үшін емес, Олимпиада рекордын жаңарту үшін барыпты! Қысқасы Ильин 24 деген жасында екі дүркін Олимпиада жүлдегері болып қана қоймай 1999 жылдан бері  мызғымаған рекордты артқа қалдырып, ауыр атлеттерге жаңа меже белігілеп қайтты.  Бұған дейін серпе көтеруден әлемдік рекорд, яғни 232 келі поляк спортшысы Шимон Колецкидің меншігі болып келген еді. Енді ол бір келеге артып, Ильиннің қанжығасына байланды.  Алтын айдарлы жігітіміз жарады! Осы арада Алмас Өтешов туралы айтпай кетсек айыпты боламыз. Алмас өңкей алшаң басқан алып атлеттердің қатарында 7-ші орынға табан тіреді. Ол жұлқа көтеруде 175 келіні үшінші кезегінде төбесінен асырып, өз тобында көшбасшылырдың бірі болды. Әйткенменде серпе көтеруде 225 келіні игере алмады. Егер ол 223-ке тапсырыс бергенде (Алмастың бұл салмақты көтеретіні анық еді) жетінші емес, төртінші, бесінші орынның біріне ілігер еді. Себебі Алмас жеп-жеңіл көтерген 220 келіге бәсекелестерінің көбі маңайлай алмай қалды.
Жазғы Олимпиада ойындарының тамыздың бесіне дейінгі  жалпы есебі бойынша, қазақ спортшылары жетінші келеді. Боксшыларымыз Біржан Жақыпов, Данияр Елеусінов, Әділбек Ниязымбетовтер кеше қарсыластырын қапы қалдырып, қабыландай ойнап ширек финалдарға жолдама алды. Бұл топтың басында алтыннан үміткеріміз Серік Сәпиев  пен ауыр салмақтағы Влад Дычко тұр.
«Абай-ақпарат»

;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="560" height="315">
;hl=ru_RU&rel=0" />;hl=ru_RU&rel=0" type="application/x-shockwave-flash" allowscriptaccess="always" allowfullscreen="true" width="560" height="315">

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343