Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4488 0 пікір 6 Тамыз, 2012 сағат 09:29

Мұнайдар Балмолда. Біз осы неге қате сөйлейміз?

Орталық телеарналардан бастап бүкіл ақпарат құралдарында, көпшілік мәжілістер мен сахналарда қате сөйлеу үрдіс алып болды. Бұл өзі де соры қайнап тұрған ана тілімізге жығылған үстіне жұдырық болып, тұралатқанмен бірдей зұлмат құбылыс.

Мәселен, көпке бағытталып айтылатын қазақтың «бәрің», «бәріңіз», «барлығыңыз» деп келетін сөзін бұл күнде: «бәрілеріңіз», «барлықтарыңыз» деген сияқты онсызда тап-тұйнақтай болып көптік жалғауымен тұрған сөзге  үстемелеп «лер», «тар» сияқты орынсыз жалғау қосып, ауырлатып, сөз бен сөйлемді өрескел бұзушылар көбейді. «Барлығыңызды бүгінгі мерекемен  құттықтаймын!» деген сөйлемді « Барлықтарыңызды...» деп әкетіп жатады. Сол сияқты екі адамға айтылатын: «екеуің», «екеуіңіз» дегенді де бүлдіріп: «екеулерің» немесе «екеулеріңіз» дейтін болып жүр. Көптікті білдіретін «Біз» деген сөзге «дерді» қосып, «Біздер» деп айту және жазу сіңісіп кеткелі қай заман!

Қазақ тілінің заңдылығы бұлай қолдан, жолдан жасалған дөрекі қалыптарды жоққа шығарады. Көптік жалғау жайындағы жазылған ережелерді ақтарғанда көргенім: «онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркесіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам » деп көрсетіпті. Осы ережені ұмытқалы қай заман?  Бірақ біздің қоғам тілім бүлініп жатыр демейді, « ... Біздердің барлықтарымыздың болашағымыз үшін осындай жақсы өзгерістер күтілуде...» деп әрмен қарай көзді жұмып, қойыртпақ сөзбен аса беруге бар.

Тележүргізушілер сөйлемнің аяғын басына, басын аяғына қойып, тыңдаушысын жаңылдырып сөйлеуге әуес. Бастауыш пен баяндауыш орындарынан адасып кетті. Осы бір тың үрдіс жақсылықтың нышаны ма, жоқ па, ұқпай жүрміз. Жастар жағы еліктегіш қой, дәстүрлі сөйлеуді бұзу оларға жаңалық. Аракідік болатын шығар, алайда біржола осы үрдіске құлай берілуге болмайды, аты-жөнімізді де дұрыс жазған жақсы.  (мысалы, Әуесбайдың Қанаты, Әсербайдың Жанаты)

Қазақ: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол» дейтін еді, бүгінгі жас тек қана өз атасының баласы болып қалғанды ұнатады, білем. Әрине, өздеріне жақсы болса, солай жүре береді ғой, тек бұлайша елден ерекшелену ертең сәнге айналып, біздің ұлттық ділімізге кері әсерін тигізбесе дейсің. Біз «ов» пен «ев» секілді жұрнақтан қайтсек құтыламыз, нағыз қазақы аты-жөн жазу үлгісі қандай болуы шарт дегенге әлі ортақ шешім тапқанымыз жоқ, осы өліара шақта бұра тарта беру де шатыстырады емес пе?

Үстіңе киген киімің секілді аузыңнан шығар әр сөзің үйлесімді, әдемі болуы керек емес пе? Шала-пұла, салдыр-салақ сөйлеу, орынсызды тықпалау неге қажет? Басымызды көтеріп, көзімізді ашып, санамызды сілкіп, көңілімізді серпіп, айнаға қарағандай өзімізге, сөзімізге неге бір сын көзбен қарамаймыз?

Мен тіл маманы емеспін. Бірақ жоғарыда келтірген мысалдармен нағыз кәнігі тіл мамандары келіседі, жоққа шығармайды деп білемін. Олар ғылыми тұрғыда өз пайымдарын қосып жатса, бек жақсы болар еді. Қате жазып, ағат сөйлеуден арылып, қазақ тілін сауықтыра түсуге бір септігіміз тиіп қалар.

Орал қаласы

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340