Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 2954 0 пікір 1 Қараша, 2021 сағат 13:59

"Дүрбелеңсіз": Кербұлақ ауданында көмір тапшылығы жоқ

Кербұлақ ауданының Сырыөзек ауылындағы оқиғаның бейнежазбасы әлеуметтік желілерде тарап кетті.

Бұған дейін Алматы облысының тұрғыны көмір тапшылығынан жүк тиегіштің көтергішіне мініп алғанын хабарлаған болатынбыз.

Кербұлақ ауданының әкімдігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

- Халықтан дүрлікпеулерін сұраймыз. Иә, интернетте әйелдің жүк тиегіш көліктің көтергішіне мініп алған бейнесі тарады. Мұның бәрі арандатушылық болды. Бүгінгі таңда Кербұлақ ауданының тұрғындарына көмір сатуды 2 тұйық жүзеге асырады: ЖК "Санчез" (Шұбаркөл), ЖШС "СаудаКөмір" (Қаражыра). Қазан айында Сарыөзек бекетіне 42 вагон жеткізілді. Бүгінде Сарыөзек станциясында 10 вагон бар. Барлығы кезекті сақтау арқылы жүзеге асырылуда, - деп атап өтті Кербұлақ ауданының әкімі Ғалиасқар Сарыбаев.

Айта кетейік, Кербұлақ ауданының тұрғындарына жылу беру маусымына көмір қажеттілігі 74 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 52,8 мың тоннасы немесе 71% сатылды.

Мәліметке сүйенсек, Алматы облысында тәулігіне орташа есеппен 90 вагон көмір түседі. Бүгінгі таңда 926,3 мың тонна, яғни 68% қатты отын сатылды, қоймаларда жазғы кезеңнен қалған қалдық 13,3 мың тоннаны құрайды.

Өңірде 77 көмір тұйығы мен қоймасы бар, оның ішінде 50 тұйық, 27 қойма және Райымбек ауданында "Ойқарағай" көмір разрезі бар. Облыс бойынша көмірдің орташа бағасы 14-14,5 мың теңгені құрайды. Теміржол қатынасы жоқ өңірлерде көмір жақын маңдағы тұйықтардан автокөліктермен жеткізіледі, бұл жеткізілетін көмірдің бағасына да әсер етеді. Мұндай өңірлерде жеткізу қызметін есепке алмағанда баға 19-20 мың теңгеге дейін барады.

Аудандар мен қалалардың әкімдіктері жаз мезгілінде тұрақты негізде қатты отынды алдын ала сатып алу қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Осылайша, ауа-райының нашарлауымен Облыстың көмір қоймалары мен тұйықтарына сатып алушылардың ағыны басталды және тиісінше осы жеткізілетін көлем қатты отын сатып алғысы келетіндердің барлығының сұранысын бір мезетте қанағаттандыру үшін жеткіліксіз болды, бұл көмірдің жасанды "тапшылығына" алып келді.

Көмір тапшылығын болдырмау мақсатында көмірді жеткізу жоспарлары жасалды. Күн сайын "ҚТЖ - Жүк тасымалдары" АҚ-мен бірлесіп, БП Алматы бөлімшесі көмір разрездерінен көмірді тиеуге және олардың тұйықтарда болуына мониторинг жүргізеді.Тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, темір жол қатынасы жоқ аудандарға автокөліктермен көмір жеткізу ұйымдастырылды. Көмір бағасының негізсіз көтерілуіне жол бермеуге ерекше көңіл бөлінеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282