Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 1129 0 пікір 17 Қараша, 2021 сағат 15:09

Алматы облысы: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалар байқауы қорытындыланды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және нығайту, сондай-ақ заманауи талаптарда парасатты тұлғаны дамыту мақсатында Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті Облыстық жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдаумен жобалар байқауын өткізуде.

Өтінімдер 2021 жылдың 13 қазан және 15 қараша аралығында қабылданды. Жеңімпаздарды анықтау кезінде егізгі идеяның ерекшелігі және оның жұмыс нәтижесінде ашылуы назарға алынады. Байқауға студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа әдістерін, соның ішінде Цифрлық технологиялар, мобильді қосымшалар арқылы ұсынатын жобалары әзірленді. Жалпы байқауға облысымыздың 50 астам студенті қатысты. Департамент басшысының бірінші орынбасары Ж. Жұмабаев – әр адамның бойында адалдық пен адамгершілік қасиеті арқашан табыла білсе, бұл қоғамда жайсыз оқиғалар мен жемқорлықты болдырмайды деп атап кетті.

Ұсынылған жобалардың ішінде жүлделі орындар келесідей бөлінді, бірінші орынды - Есимжанова Еркежан иеленді, екінші орынды – Даниярқызы Медина, ал үшінші орынды Нұрахметов Диас иемденді.

Студенттердің жұмыстары жақын арада Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша Департаменттің ресми сайтында жарияланатын болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3254
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5487