Жексенбі, 24 Қараша 2024
Билік 1587 0 пікір 15 Қазан, 2021 сағат 15:19

Кәсіподақтар: Жақсы жалақы мен жұмысшы құқығы

Елімізде адам құқығы мен оның еңбек құқығын қорғау аса маңызды. Бұл қашанда әлем елдері мен халықтары үшін маңызды тақырыптардың бірі болған. Себебі еңбек қатынасын реттеу, жұмыс барысында жұмыскердің құқығын қорғау кәсіпорынның дамуына артанша мемлекеттің өркендеуіне де тікелей әсер етеді. Алғашқы адам еңбегі мен құқығын қорғайтын ұйымдар Еуропада пайда болып, артынша әлемнің өзге елдеріне де тарай бастады. КСРО кезеңінде кәсіподақтар беделі өте зор болды. Қазір сол беделді қайтару жұмыстары жүріп жатыр.Жалпы еліміздегі Кәсіподақтар федерациясына 2 миллионнан астам жұмысшы мүше.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауына қатысты пікір білдірген еді. Пікір барысында ол еліміздегі кәсіподақтарға қатысты дай айта кетті. Оның айтуынша, Қазақстан Республикасының Кәсіподақтар федерациясы мен оның еншілес құрылымдары еңбек адамдары үшін өте маңызды бірқатар бастамаларды іске асырып жатыр.
«Нарық жағдайында ең төменгі жалақы деңгейін мемлекеттік реттеудің негізгі құралдарының бірі болып табылады. Өйткені ол жұмыскерді еңбек бағасын анықтау кезінде жұмыс берушінің озбырлығынан қорғауға арналған. Сөзсіз, еңбекақы қоғам мүшелерінің көпшілігі үшін олардың әл-ауқатының негізі болған және солай болып қала береді және сол арқылы әлеуметтік құрылыстың әлеуметтік әділеттілігі идеясы қалыптасады.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы түрлі учаскелерде қазақстандық жұмысшылардың жалақысын дәйекті түрде көтеру, оның ішінде ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін шешуге бастамашылық жасап, алға тартты. Ал Мемлекет басшысы берген тапсырмалар іс жүзінде халық үніне құлақ асатын мемлекет принципіне сай іске асыруы тиіс», - деді Сатыбалды Дәулеталин.

Кәсіподақ федерациясының басшысы атап өткендей ең төменгі жалақының 42 500 теңгеден 60 мың теңгеге дейін артуы әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындарда жұмыс істейтін миллионнан астам адамға әсер етеді. Әрине бұл жағымды өзгерістің бірі және кәсіподақтардың жетістігі десе де болады.
Жұмыс істейтін қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін маңызды және өте қажетті қадам жасалды. Ең төменгі жалақының көтерілуінен бәрі де ұтады, егер өзгерістердің барысы қолайлы болса, бұл жалпы жалақының номиналды, аз болса да өсуін білдіреді. Ең төменгі жалақының өсуі – бұл азаматтардың экономикалық дербестік деңгейінің артуы. Еңбек шығындарының артуы, жұмыс беруші өзінің өнімділігін арттыруға ұмтылады, яғни оған жоғары ақы төленетін және білікті жұмысшылар қажет болады. Сонымен қатар көлеңкелі эконимиканың да деңгейі түседі.

Еңбекақының деңгейі мен динамикасы елімізде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың әлеуметтік тиімділігін бағалаудың негізгі критерийлерінің бірі болып табылады. Мемлекет басшысының айтуынша, ең төменгі жалақының өсуі жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) 1,5 пайызға өсуіне әкеледі. Жалақы – 6,5 миллион жұмысшының негізгі табыс көзі. Ал президент атап өткендей, жалақы қорының өсімі кәсіп иелерінің табысының өсуінен 60 пайызға дерлік артта қалды. Кәсіподақтардың пікірінше, Мемлекет басшысының жұмыс берушілерді жұмысшылардың жалақысын көтеруге ынталандыру туралы шешімі жұмыс берушінің өз қызметкерлері алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға оң серпін береді.

«Сонымен қатар біз Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылдан бастап өткен жылдары жалақы өсімінен тыс қалған бюджеттік сала қызметкерлерінің (мәдениет, спорт, кітапханашылар, техникалық қызметкерлер, т.б.) жалақысын көтеруді айтуын өзекті және әділ деп санаймыз. Өйткені бұл шешім 600 мыңға жуық жалақысы төмен қызметшілерге қатысты болады. Әрине, бұл алғашқы қадам ғана. Халықтың өмірін жақсарту үшін әлі көп нәрсе істеу керек. Мысалы, ең төменгі күнкөріс деңгейін немесе оның құны мен ең төменгі тұтыну себеті қалай қалыптасатынын қайта қарау қажет. Соңғы жылдары еңбекақыны реттеу мәселесі қоғамда қызу талқыланып, тез арада шешілуін талап етуде. Осыған байланысты Кәсіподақтар федерациясы Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың шешімін қолдай отырып, жалпы алғанда жұмыспен қамту, жалақы мен еңбек қатынастарын реттеу саласында заманауи, икемді заңнамалық базаны құру қажеттілігін атап өтеді" - дейді Кәсіподақтар федерациясының басшысы.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы Қазақстан Республикасының Үкіметі, республикалық кәсіподақ бірлестіктері және жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімде Қазақстанның ХЕҰ-ның №131 конвенциясын (жалақының жыл сайынғы индексациясын заңнамалық бекіту) ратификациялауға қатысты мәселелерді ресімдей алды. Әлеуметтік серіктестер жұмыс жоспарын және Конвенцияны ратификациялау, жалақыны жыл сайынғы индексациялау бойынша консультациялар өткізу жөніндегі жұмыс тобының құрамын, ең төменгі жалақыны көтеру мәселесін қараудың жол картасын бекітті.

Елімізде еңбек адамын әлеуметтік-экономикалық ынталандырудың маңызды шараларын қолға алып жатқаны қуантады. Бұл қоғамда еңбекақы, оның мәні мен ресурстық қамтамасыз етілуі мәселесіне біртұтас тұжырымдамалық көзқарас қалыптасады деген үміт тудырады.

«Бұл жерде біздің ұстанымымыз нақты. Егер адам жұмыс істесе, ол кедей болмауы керек, ал Кәсіподақтар федерациясы әрқашан осы қағидатты ұстанып, ең төменгі жалақыны халықаралық жалақы стандарттарына сәйкес келетін деңгейге дейін дәйекті түрде арттыру стратегиялық мақсатқа одан әрі ұмтылады», - деп қорытындылады Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы төрағасы.

Елімізде адам еңбегін қорғау дәл осы кәсіподақтар арқылы іске асып келеді. Жұмыс істетіп, артынша қарысын ала алмаған жандар жетерлік. Ол келісімшартты жасай алмау немесе мүлде жасаумн байланысты. Кәсіподақтар міне, осындай мәселелер бойынша да жұмыс істеуге ниетті. Атап айтқанда жұмысшылардың білімі мен өздерін заң аясында тиімсіз шарттарға қол қоймау үшін арнайы онлайн тренингтер де өтіп отырмақ. Бұл жаңа бастама, алайда өте қажетті бастама.

Былтырдан бері 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтары күні аталып өтіледі. Нормативтік құқықтық кесімдердің ақпараттық-құқықтық жүйесінде ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 22 мамырдағы No 303 қаулысы жарияланды. Бұл күнді кәсіби мерекелер тізіміне енгізуде Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы басты рөл атқарғанын айта кеткен жөн. Кәсіподақтар күнін ресми түрде мойындау жалпы азаматтық қоғамдағы кәсіподақтардың рөлін нығайтуға және дамытуға ықпал ететіні қуантады.

Сондай-ақ кәсіподақтар жұмыскерлердің құқықтарын қорғауға, жұмыс берушімен қарым-қатынаста олардың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, кәсіподақтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге баса назар аударуда. Биыл Федерация өзінің 30 жылдығын атап өтеді. Қазақстан кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталиннің айтуынша, қазақстандық кәсіподақ қозғалысының тарихына тоқталатын болсақ, ол 1905 жылы желтоқсанда Ақмола уезіндегі Успен мыс кеніші жұмысшылары кәсіптік ұйымға біріккен кезде басталды. Алты айдан кейін Оралда қалалық кәсіподақ ұйымы, 1906 жылы шілдеде Қазалы стансасында Бүкілресейлік теміржолшылар одағының облыстық комитеті құрылды. Қазақстандық кәсіподақ қозғалысының қазіргі тарихы 1990 жылы 10 қазанда Қазақстан кәсіподақтарының XIV съезі өткен кезден басталады. Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының кезекті XXVI съезінде Қазақстан Республикасы.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1498
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3268
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5636