«Қазақ тілі» қоғамын Берік Әбдіғалиұлы басқарады
Бұл қызметті Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлы атқаратын болады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Сонымен қатар Түркістан қаласында өтіп жатқан құрылтайда қоғамның вице-президенттері болып Максим Рожин мен Анар Фазылжанова сайланды.
Келелі басқосуда қазақ тілінің қоғамдағы рөлін дамыту талқыланып, тілге қатысты заңға өзгерістер енгізу ұсынылды. Бұған дейін Түркістан қаласында халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрылтайы өтіп жатқанын хабарлаған едік.
Құрылтайда еліміздің барлық өңірінен келген қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдерінің, облыстар мен қала басшылары бастаған тіл жанашырлары өзекті мәселені талқыға салуда.
Abai.kz