Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2380 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 10:34

Сәкен Алдашбаев. Баға бас мүфтиге неге бағынбады?

Бар мұсылман қауымның қасиетті айы ораза айына аз күн қалғанда дінбасымыз Дербесәлі Әбсаттар қажы жалпы қауымға  Үндеу жолдаған еді. Яғни, қасиетті айда азық түлік және өзге бағаларды 10 пайызға арзандатса деген болатын бас мүфти өз Үндеуінде. Осыған байланысты Сыр өңірінің қарапайым саудагерлеріне барып, Үндеуді таныстырып, пікірлерін тыңдаған едік. Алайда, Үкілеп барған үндеуімізді естіген жұрт бұл мәселені Үкіметке айтыңдар деп шығарып салған-ды. Енді, міне, осы Сыр өңірі Әбсаттар қажы айтқандай он пайыз баға түсірмек түгілі наның бағасын 5 теңге және ұн мен ұннан жасалатын тағамдардың әрбіне 15-20 теңгеден үстеме баға қойып отыр.

Ал, республикалық телеарналарда болса, жылу мен жарықтың қымбаттайтындығы жөнінде күнде айтылуда. Сонда бұл қалай, қасиетті оразада құлқынға жол беріп отырмыз ба, әлде әл-дәрменнің қуаты осы күнге әзер жетті ме? Қалай болғанда да ел көңілінде «баға бас мүфтиге неге бағынбады екен?» деген сауалға айналып тұр.

Айтпақшы, теледидардан бас мүфтидің Үндеуінен соң баға түсіріп жатқан кәсіпкерлерді көріп қалып едім. Сонымен қатар, Үндеуді қуаттап жатқан имамдардың да сөзі желге ұшпас деп арқаны кеңге салғанбыз. Алайда, Үндеуден кейін қуанған көңіл ораза ішінде су сепкендей басылып отыр. Бас мүфтиге «құлақ аспаған» баға тек Қызлорда қаласында ғана емес, Қазақстанның барлық аймағында кезекті рет шарықтап бара жатқан көрінеді. Abai.kz ақпараттық порталының «Санайғағында» келтірілген мына кепке қараңыз: Қазақстанда жалпы азық-түліктің бағасы 3,4%» көтерілді. Оның ішінде сиыр еті 23,7%, жылқы еті 20,5%, қой еті 20,4% өсті (Дерек көзі - ҚР статистика жөніндегі агенттігі).

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5375