Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3176 0 пікір 15 Тамыз, 2012 сағат 12:59

Своиктікі не сандырақ?

Таяуда Украина Парламенті - Жоғарғы Радасы Украинаның кейбір орыс тұрғындары басым өңірлерде орыс тіліне де мемлекеттік тілмен бірдей мәртебе беру жөнінде шешім қабылдады. Бұл мәселе талқылану кезінде тек Украинаның Парламенті ғана емес, сондай-ақ көптеген қалалары мен астанасында жұртшылық көшеге шығып наразылықтарын білдіріп, айғай-шу болғаны халықтың бұл мәселеге қарсылығын да ұқтырғандай болды. Украинада орысы басым өңір­лерде орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей дәрежеде қолданылады деген шешім Ресейдің шовинистік-империяшыл саясаткерлері мен саясаттанушыларына отқа май құйғандай әсер етті. Қашанда өзге елдерге Ресейдің үстемдігін орнатуды көксейтін мұндайлар «Украинада көп ұзамай орыс тілі мемлекеттік мәртебе алатын болды» деген мәнде болжамдар жасап, сәуегейлік таныта бастады.

Таяуда Украина Парламенті - Жоғарғы Радасы Украинаның кейбір орыс тұрғындары басым өңірлерде орыс тіліне де мемлекеттік тілмен бірдей мәртебе беру жөнінде шешім қабылдады. Бұл мәселе талқылану кезінде тек Украинаның Парламенті ғана емес, сондай-ақ көптеген қалалары мен астанасында жұртшылық көшеге шығып наразылықтарын білдіріп, айғай-шу болғаны халықтың бұл мәселеге қарсылығын да ұқтырғандай болды. Украинада орысы басым өңір­лерде орыс тілі мемлекеттік тілмен бірдей дәрежеде қолданылады деген шешім Ресейдің шовинистік-империяшыл саясаткерлері мен саясаттанушыларына отқа май құйғандай әсер етті. Қашанда өзге елдерге Ресейдің үстемдігін орнатуды көксейтін мұндайлар «Украинада көп ұзамай орыс тілі мемлекеттік мәртебе алатын болды» деген мәнде болжамдар жасап, сәуегейлік таныта бастады.

Ал біздің Қазақстанға келсек, ел ішінде ресейшіл-им­перияшыл пиғылдағы азаматтар да ұшырасатыны жасырын емес. Солардың ең белсенділерінің бірі Петр Своик еліміз тәуелсіздік алғаннан бері Қазақстанды қайтадан Ресейге қосу, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жойып, Кеңес заманындағыдай орыс тілін ғана мемлекеттік тілге айналдыру жөнінде пікір таратудан жаңылар емес. Оның осындай ұшқары көзқарастары - қазақты ұлт ретінде менсінбеу, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алғанын мойындамау, қа­зақтың тарихы мен мәдениетіне ас­тамси қарау пиғылдары қазақ бас­пасөзінде аз сыналып жүрген жоқ.
Әрине, мұндайлар тарихтың доң­­ғалағын кері айналдыруға бол­майтынын білсе де ел ішінде іріткі салуға әуес екені де белгілі. Көптеген жалақорлық пікірлерді мұндайлар әдейі қасақана таратады деуге болады. Әйтпесе, Петр Своик секілділердің Қазақстанның ішкі-сыртқы саясатын, өткені мен бүгінгі жетістіктерін білуге, халқымыздың болашағын болжауға білімі мен білігі жететіні даусыз. Мәселен, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев 2020 жылдың бедерінде Қазақстанның мектеп түлектері түгелдей қазақ тілін меңгеретін болады, «Қазақстанның болашағы - қазақ тілінде» дегендей тұжырымдарын бұлар жақсы білсе керек. Сонымен қатар тәуелсіздік алғаннан бері 20 жылда қазақтар үле­сі ел халқының 40 пайыздан 60-70 пайызға дейін өскенін, алдағы уақытта мұнан да жоғары көрсеткіш­ке жететінін Своик аңғармайды емес. Алайда оларға Ресей империяшыл­дарына итаршы болу жарасатын секілді. Бұлай дейтініміз, қазақ хал­қының мәдениеті мен өнері қарқынды дамуға, тарихы терең зерт­телуге бағыт алған кезде, тіпті Ресейді былай қойып, Батыстың мәдениеті мен ғылымы Шығыс елдерінен, соның ішінде Алтайдан Қырымға дейін мекендеген біздің ата-бабаларымыздан бастау алаты­нын бұлар жақсы біледі. Солай бол­са да Украинадағы мемлекеттік тіл жөніндегі мәселенің ушығуына орай қашанда қазаққа қарсы сойыл сілтеп қалғысы келетін Петр Своиктің пиғылын «www.total.kz» ақпараттық порталына берген мынандай сөздерінен де айқын аңғаруға болады.
«Если лукаво-феодальную языковую политику поменять на современную, придется исходить из той реалии, что государственным языком в Казахстане является русский. В том числе, благодаря необратимо состоявшемуся русскоязычию казахских элит. Казахский же язык, исходя их тех же реалий, рано или поздно придется превращать во второй. Через действительное обучение в школах, стимулы и требования двуязычия для кандидатов в депутаты, министров и руководителей госорганов. Только так удастся поднять казахский до второго государственного языка». Біз Своиктің сөзін дәлеліміз нақты болсын деп аудармай беріп отырмыз. Мұның өзі оның азаматтығының, саяси бет бейнесінің қандай екенін, өзі нанын жеп, суын ішіп отырған мемлекеттің төл халқына, оның тіліне деген жеккөрінішті көзқарасын айқын білдірсе керек. Мұндайды халқымыз «Ит үреді, керуен көшеді» дейді. Әрине, Петр Своиктің көксегені бола қоймайтыны Қазақстан халқының татулығы мен өзара түсіністігі уақыт өткен сайын бекемденіп, мемлекеттік тілімізге деген құрметі артып келе жатқанын көріп-біліп жүрген әркім-ақ аңғара алатыны күмәнсіз.

Тақырыпқа орай:

Дамир БАЙМАДИЕВ, саясаттанушы:

- Соңғы кездері мемлекеттік тілімізді менсінбей, оны кемсітіп, болашағын бұлыңғыр санайтын азаматтардың пікірлері орыстілді БАҚ беттерінде жиі айтылып жүргені көпшілікке мәлім. Мәселен, белгілі сая­саткер Петр Своиктің қазақ тіліне қатысты «Total.kz» ақпараттық порталына берген пікірі анау айтарлықтай салиқалы ойдан туған деуге ауыз бармайды. Саясаткердің айтуынша, елімізде орыс тілі әу бастан-ақ мемлекеттік тіл болып табылады екен. Бірақ та, оның бұл пікірі еш логикаға келмейді. Неге десеңіз, біз тәуелсіздік алғалы 20 жылда қазақ тілін үйренушілер қатары көбейіп келеді. Біз ешкімге мәжбүрлі түрде тілімізді танып жатқанымыз жоқ. Дегенмен, қазақ тілінің болашағына қызыға қарайтын азаматтар өз еркімен мемлекеттік тілді білуге талпынуда. П.Своик қостілділік саясатын қанша айтқанымен, оны өз басым шовинистік пиғылдағы азаматтардың алдамшы үміті сияқты қабылдаймын. Сондықтан оның қазақ тіліне қатысты оғаш пікірі еш дәйексіз десек болады.

Қуанбек Боқаев

«Ана тілі» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381