Жұма, 22 Қараша 2024
Дат 6600 15 пікір 30 Қараша, 2021 сағат 19:19

Ауған ардагері: Мемлекет басшыларына айтарым...

Ауған соғысы ардагерлерінің жеңілдіктері мен азғантай зейнетақысын алып тастады. «Қазақстан мемлекетіне сіңген еңбегі жоқ» деген себеп алға тартылған. Кеңес билігі бізден «барасың ба?» деп сұрамады. «Барғым келмейді» деп біз де қалып қоя алмадық. Совет кезінде олай ету мүмкін емес болатын. Әскерге бару ер-азаматқа парыз болатын. «Ер-азамат» атымызға кір келтіргіміз келмеді. Үкімет бұйырды. Біз бұйрықты орындадық. Қаншама достар сол бұйрықты орындап қыршын кетті. Енді бүгін..

Хош делік. Біздің соққанымыз келмеске кеткен Кеңес үкіметінің сойылы екен. Азғантай зейнетақы халықтан түскен салыққа салмақ түсіре қоятындай емес-ті. Жыл өткен сайын қатарымыз азаймаса көбейіп жатқан жоқ. Біз ғана емес қазіргі зейнеткерлердің бәрі Кеңес одағының ардагерлері. Қазақстан мемлекетіне осы көзқараспен қарасақ, олардың да зейнетақысын қысқартсын. Кеңес үкіметінің идеология қызметкерлері мен компартия мүшелерін соттайық. Турасына көшсек «деколонизация», «декоммунизация» науқанын жүргізейік. Олай етпеген жағдайда Ауған соғысы ардагерлеріне жеңілдіктерін қайтарсын!

Ауған ардагерлеріне айтарым...

Құрметті әріптестер. «Құқығымыз тапталып, жеңілдігіміз шектелді» деп дүрлігіп жатырмыз. Біріміз әділет жолында майданға шығуға үгіттеуге көштік. Көшеге ереуілге шықпақпыз. Кеңес одағының мүддесін қорғап жан бергеніміз рас. Ол СССР ыдырап кеткен. Енді жоқ. Дәл қазіргі Тәуелсіз мемлекетімізге қай еңбегімізді бұлдаймыз? «Ерміз, батырмыз» дейміз. Батырлықты ерлер жасап, бағасын халық беруге тиіс- ті. Қазақта «бітісі жаман қамысты су ішінде өрт шалар. Жүрісі жаман жігітті түйе үстінен ит қабар» деген мақал бар. «Батырмыз» деген біз өз құқығымызды қорғай алмай жүріп кімге өнеге болмақпыз? Көшеге шықсақ сол «ер» атымызға кір келтірмейік. Жеке басымыздың құқығын емес, халықтың құқығын, ұлт мүддесін қорғайық. Халық есебінен байыған парақормен күресейік. Сонда ғана «батыр» деп атауға болады. Тым болмаса «ер-азамат» атына кір келтірмейік.

Оралхан Тымбаев,

Ауған соғысы ардагері

Abai.kz

15 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282