Сенбі, 23 Қараша 2024
3694 3 пікір 7 Желтоқсан, 2021 сағат 15:19

150-ден астам басшы "жемқорлық үшін" жазаланған

Қазақстанда биыл қаңтар мен қараша айы аралығында облыс деңгейіндегі 159 басшы "жемқорлық қылмысы үшін" жауапқа тартылған.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшысы Марат Ахметжанов 3 желтоқсанда ведомствоның жұмысы жөнінде президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа есеп берген кезде осындай мәлімет айтты. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.

Ахметжановтың айтуынша, "биыл 11 айдың ішінде 1576 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелген. 1280 азамат, оның ішінде республикалық және облыстық деңгейдегі 159 басшы жемқорлық қылмыс бойынша жауапқа тартылған. Талан-таражға түскен 20 миллиард теңгеден астам қаржы бюджетке қайтарылған".

Ресми хабарламаға қарағанда, ведомство жетекшісі президентке "ауыл шаруашылығын субсидиялауға жасалған кешенді сараптамалар, көлік саласындағы жағдай және қылмыстық істер бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындылары" туралы мәлімет берген. Ал Тоқаев "сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа тәсілдерін қолдаған". Бірақ хабарламада нақты қандай тәсілдер екені айтылмаған.

  • Қазақстанда жемқорлық бойынша шенеуніктер мен мемлекеттік қызметкерлер жиі сотталады, алайда көп жағдайда олар амнистиямен босатылады немесе мерзімінен ерте бостандыққа шығады. Сыншылар биліктің жемқорлықпен күрес шараларын тиімсіз санайды.
  • Transparency International халықаралық ұйымының биыл қаңтарда жарияланған жемқорлық индексінде Қазақстан 180 елдің ішінде 94-орын алған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377