Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Билік 3638 5 пікір 7 Желтоқсан, 2021 сағат 15:21

Қазақстан мен Өзбекстан: қандай келісім жасалды?

Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою саласындағы ынтымақтастық жөнінде Қазақстан үкіметі мен Өзбекстан үкіметі арасында келісім жасалды. Келісімге Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевтың Нұр-Сұлтанға ресми сапары кезінде қол қойылған. Бұл жөнінде akorda.kz хабарлады.

Биыл 1 мамырда Мақтарал ауданына жақын Өзбекстанда Сардоба су қоймасы жарылып, төтенше жағдай жарияланған. Соның салдарынан Түркістан облысының Мақтарал ауданында 845 үй, 3 мектеп, 5 балабақша, 4 медицина ғимараты мен мәдениет үйі және 54,7 км көпір мен жолды су алған. Мұнан өзге 7639 га егістік су астында қалған.

Осыған байланысты Қазақстан Өзбекстанға наразылық нота жолдап, Түркістан облысының 10 ауылын суға кетірген Сардоба су қоймасындағы апат жайлы толық ақпарат беруді талап етпек болған. Қазақстан ақпарат құралдары экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громовтың сөзінше, халықаралық норма бойынша, шекара бойындағы суға салынатын гидротехникалық құрылыс жайлы шектес мемлекеттерге хабар алысып, өзара келісілуі тиіс. Ал Сардоба су қоймасы Қазақстанның келісімінсіз салынған.

Өзбекстан Сардоба су қоймасынан зардап шеккен Қазақстан елдімекендеріне техника жіберіп, зардабын жоюға көмектескен еді. Су қоймасының жарылуынан Өзбекстанның өз жері де зардап шегіп, ондаған мың адам үй-жайын тастап кетуге мәжбүр болған.

Ақорда хабарына қарағанда, бүгін 6 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтанда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияевпен кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев екі мемлекеттің ара қатынасына "қазақ-өзбек ынтымақтастығы барлық салада бұрын-соңды болмаған шыңдарға көтерілді" деп бағалаған.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзияев келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы одақтық байланыстар туралы декларацияға қол қойған.

Бүгін Қазақстанға ресми сапармен келген Шавкат Мирзяев биыл екінші мерзімге президент болып сайланып, 6-қарашада ант қабылдаған еді. Батыс бақылаушылары Өзбекстандағы президент сайлауы сайлаудың бәсекесіз өткенін айтты.

Шавкат Мирзияев 2016 жылы авторитар басшы Ислам Каримов қазасынан кейін президент болған. Ислам Каримовке қарағанда жұмсақ саясат жүргізе бастаған Мирзияев саяси және экономикалық реформа жүргізге уәде берген, бірақ басым бөлігі орындалмаған.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105