Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Соғыс 5277 0 пікір 10 Желтоқсан, 2021 сағат 11:40

Ресейдің 1200 танкісі: Украина не істейді?

Ресей Украинаға әне-міне басып кіруі мүмкін. Батыстық басылымдар солай дейді. Тіпті, қаңтар айының соңында 175 мың әскермен соғыс ашуы мүмкін дегенді де әскери барлаушыларға сүйене отырып айтуда. Ал осы сәтте Ресей Украина шекарасының маңына шамамен 1200 танк шоғырландырды. Бұл Украинада ресми дерек бойынша бар танктерден 300-ге көп деген сөз.

Соғыс басталса, сөзсіз Ресей шабуыл жасаушы, ал Украина қорғанушы позицияда болмақ. Алайда сарапшылар танктің көптігі, күштің басымдығын немесе ұрыстың жеңіспен аяқталатынын білдірмейді дейді. Әскери сарапшылар соғыс басталса ұрыс қимылдары қалай өрбуі мүмкін екендігін жазып шықты.

Ресей де, Украина әскері де кеңестік доктринаны ұстанады. Екеуі де қорғаныста белсенді. Яғни, өздерін қорғаған кезде жаудың тепе-теңдігін бұзу үшін шабуылдар мен қарсы шабуылдарды жоспарлайды. «Қорғанысқа қойылатын негізгі талаптар тұрақтылық пен белсенділік болып табылады», - деп атап өтті әскери сарапшылар Лестер Грау мен Чарльз Бартлз.

Екі әскердің де тактикасы шабуыл операциялар ұйымдастыруда орталыққа артиллерияны орналастыру арқылы қимылдайды. Ал жаяу әскер мен танктердің індеттері артиллерия позицияны атқылап, шегінген әскерді жою болып табылды.

«Украина әскері өз қалаларын қорғап қалу үшін алдыңғы шептегі батальондар жақсы жасырына білу керек», - дейді Грау мен Бартлз. Қырымды Ресей отарлап алған сәттен бастап, Украина әскері жеті жыл бойы сол тактиканы ұстануда. Нақтылап айтқанда олар жүздеген шақырымға созылатын траншейлерді қазып, жаяу әскер мен техникаға арналған бункерлерді әзірлеген.

Бірақ белсенді қорғаныс танктердің окоптардан шығып, басқыншыларға қарсы тез арада соққы бере алу мүмкіндігі болуы тиіс. «Қарсы шабуылдар қауіпсіздік аймағының қорғанысын күшейтеді», - деп жазады Грау мен Бартлес.

Сонымен бірге, Украина армиясы Ресей армиясының Украина күштерін одан әрі жою үшін оқшаулау әрекетінің жолын кесуі керек. «Маневрлік күштер қауіпті аймақта шабуылдарды болдырмауға, қарсыластың негізгі шабуылдың осі бойымен бұзып өтуіне жол бермеуге, қапталдан өту қаупін жоюға және керісінше, қарсыластың шептерін ыдыратуға күш салуы тиіс», - дейді сарапшылар.

«Ресей басып кіру үшін 1200 танк, ал Украина қорғану үшін 900 танкті қолдануы мүмкін. Алайда Ресейдің 1200 танкі ұрыс даласында шырпыша өртенуі мүмкін. Себебі Украина әскері Джевелиндерді қолдануға ниетті, ал ол дегеніміз бір оқпен бір танкті жою деген сөз. Сондықтан да Ресей ұрыста танк немесе басқа бронды техника қолданудан қорқатыны анық», - дейді сарапшылар.

Украина әскерінің тағы бір артықшылығы олардың орналасуында болып тұр. Ресей танктері шабуылға шығу үшін ашық алаңдармен яки жолдармен қозғалуға мәжбүр, ал бұл аралықта Украина сарбаздары танкке қарсы зымыран кешендері және басқа да қаруларды қолданып, жау әскерінің техникасын жою мүмкіндігіне ие дейді олар.

Вашингтондағы Атлантикалық кеңестің сарапшысы Дайан Фрэнсистің пікірінше, Украина соғыста Ресейдің 1200 танкісін толық жоймаса, онда жағдай Донбасс әуежайындағыдай жеңіліспен аяқталуы мүмкін. Себебі Донбасс әуежайын ұзақ уақыт табандылықпен қорғай білген Украина сарбаздары, ақыры Ресей танктері кіргенде шегінуге мәжбүр болған еді.

Дегенмен сарапшылар соғыстың болуы екіталай деген ойда. Себебі Путин мен Байден кездесуінде Кремль өзіне экономикалық ауыр соққы болатынын нақты сезді дейді Батыстық мамандар.

Асхат Қасенғали

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1544
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3334
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6105