Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2713 0 пікір 21 Тамыз, 2012 сағат 10:04

Әміржан Қосанов. Өмір...пиада!

«Уа, спорт! Сен - дербес әлемсің! Сен - бейбітшіліксің!»,- деп алғаш жар салып, ұлы гректер негізін қалаған Олимпиада ойындарын жаңа заманда қайта тірілткен Пьер Кубертеннің сөзі, өкінішке орай жартылай ғана рас боп тұр. Өйткені, бұрынғы салт бойынша дәл осы ойын өткен кезде барлық соғыстар мен үлкенді-кішілі қақтығыстар доғарылып, бейбітшілік орнайтын. Бұл жолы олай бола қоймады. Бірақ нақ осы «соғыс пен бейбітшілік» жайты адамзат тарихындағы XXX Олимпиаданың мәртебесінен еш түсіре алмайды. Неге екенін айтып көрейін.

Біріншіден, меніңше, адазаттың өзі Олимпиада секілді төрт жылда бір болатын жаһандық жарыстың мән-мазмұнын ғана емес, қадір-қасиетін де толықтай түсіне бастаған сияқты. Оның үстіне, халақаралық деңгейде саясаттың қадірі қаша бастаған кезде адам өмірінің басқа салалары, соның ішінде спорт, әрбір мемлекеттің «визит карточкасы» боп барады. Олимпиада геосаяси факторға айналып барады! Медаль үшін жарыс қана емес, ықпал үшін тартыс! Өйткені спорт арқылы әрбір ел өзінің экономикалық және саяси беделін танытқысы келеді басқаға!  Сондықтан да Олимпиадада өкіметтердің бәрі аянбай, бар күшін салуда.

«Уа, спорт! Сен - дербес әлемсің! Сен - бейбітшіліксің!»,- деп алғаш жар салып, ұлы гректер негізін қалаған Олимпиада ойындарын жаңа заманда қайта тірілткен Пьер Кубертеннің сөзі, өкінішке орай жартылай ғана рас боп тұр. Өйткені, бұрынғы салт бойынша дәл осы ойын өткен кезде барлық соғыстар мен үлкенді-кішілі қақтығыстар доғарылып, бейбітшілік орнайтын. Бұл жолы олай бола қоймады. Бірақ нақ осы «соғыс пен бейбітшілік» жайты адамзат тарихындағы XXX Олимпиаданың мәртебесінен еш түсіре алмайды. Неге екенін айтып көрейін.

Біріншіден, меніңше, адазаттың өзі Олимпиада секілді төрт жылда бір болатын жаһандық жарыстың мән-мазмұнын ғана емес, қадір-қасиетін де толықтай түсіне бастаған сияқты. Оның үстіне, халақаралық деңгейде саясаттың қадірі қаша бастаған кезде адам өмірінің басқа салалары, соның ішінде спорт, әрбір мемлекеттің «визит карточкасы» боп барады. Олимпиада геосаяси факторға айналып барады! Медаль үшін жарыс қана емес, ықпал үшін тартыс! Өйткені спорт арқылы әрбір ел өзінің экономикалық және саяси беделін танытқысы келеді басқаға!  Сондықтан да Олимпиадада өкіметтердің бәрі аянбай, бар күшін салуда.

Екіншіден, осынау мәртебелі жарысты өткізіп, кез келген мемлекет әлем жұртшылығы алдында өз мерейін тағы да бір көтеріп тастау мүмкіндігіне ие болады. Лондон таксишілерінің наразылығы мен қауіпсіздікке жауапты фирманың екісөздігі де Британияның шын мәнінде ұлы держава екендігіне ешбір көлеңке түсіре алмады деп ойлаймын. Мәселен, осыдан төрт жыл бұрын Бейжіңде өткен Олимпиаданың ашылу мен жабылу салтанатынан Ескі Еуропа Қытайдан қайтіп оза алады деген ел ішін кезген пессимизм менде де болды. Бірақ Лондонда қандай терең мағыналы әрі замануи талаптарға сай, төрткүл дүниені тамсандырған шоу болғандығын бәріңіз де көрдіңіздер! Британия адамзат тарихына сіңірген еңбегі, оның әдебиеті мен өнері, ұлы тұлғалары, керек десеңіз, атақты ағылшын юморы қалай паш етілді десеңізші! Тіпті Елизавета патшайымның өзі Джеймс Бонд секілді тікұшақтан «секірді» емес пе?! Отан үшін - жан пида деме не енді бұл?! Бір ой келді: Олимпиада бізде өтсе, біз алаңға немізді шығарамыз: мұнай тұрбалары мен алюминий «чушкаларын» ба? Міне, мынау Қазақстан бренді деген неміз бар екен?!

Британ премьері Дэвид Кэмерон «Олимпиада тек қана сауда-саттық пен туризм жөнінен пайда әкеп қана қоймайды», - деп «экономикаға инвестиция тартуды да жақсартады» деген сыңайда ой айтты. Мәселен, Олимпиада тойын теледидар мен ғаламтордан тамашалаған 4 миллиард адамның ең болмағанда  5 пайызы Лондонға келіп кетсе, 200 миллион қонақ болмай ма?! Оның үстіне қалталы адамдар сол туризм инфрақұрылымдарына қаржы құып, пайда тауып жатса? Міне, мәселенің бір жағы қайда жатыр!

Үшіншіден, осынау әлемдік тойлардың ел ішіне тарай түсуіне ақпараттық технологиялар да өз әсерін тигізді. Бұрын тек теледидар арқылы көріп-білетін жайттарды ел ғаламтор арқылы сол сәтте біліп отырды.

Қаржылық дағдарыс бұрын көп айтыла бермейтін «волонтерлар факторын» туғызды. Яғни 70 мың адам тегін, таза өз ниетімен атсалысып, осы ғаламдық шараның ыстығына күйіп, суығына тоңды.

Олимпиадаға он екі мүшесі сау ғана спортшылар қатысып, бақ сынаса, Параолимпиадаға  мүмкіндіктері шектелген азаматтар қатысатыны белгілі. Жак Рогге өз сөзінде осы ойындарға ерекше мән бергені де қазіргі Олимпиаданың спорттық фактордан гөрі, рухани, моральдық факторға айналып бара жатқандығын белгісі болар.

Бүгінде Олимпиада - өз заңдарына ғана бағынатын, дербес Дүние, өзгеше Өмір, басқаша айтсақ - Өмір...пиада!

Әрине, бұл Олимпиада Қазақстан үшін ең табысты болды! Спорт державаларынан бастап, басқа да ығайы мен сығайы бар 200-ден астам елдің ішінен мәртебелі 12-орын иелену, 13 медаль жеңіп алып, оның жартысынан астамы - 7-уі алтынмен апталуы, сөз жоқ, тарихта қалар жеңіс!

Олимп - Зевс бастаған грек құдайлары мекен еткен атақты тау екені белгілі. Ал онымен аты төркіндес Олимпиада - ұлттық рух бастаған спорттық намыс мекен еткен шың! Дәл осы күндері бүкіл Қазақстан - шенеунігі бар, оппозициясы бар, кедейі бар, байы бар, жіптіктейі бар, қарны қампиғаны бар - өз жерлестеріміз шаршы алаңға шыққанда бірге отырып тақымын қысып отырды! Әр жеңіске бірге қуанды! Бірге тойлады үйді-үйлерінде! Қоғамды саясат емес, спорт біріктіріп жібергендей болды мен үшін!

Алашты алтынмен аптатқан, ауылдағы балалардың жүрегінде спортқа деген сезімнің оянуына алғашқы септігін тигізген, міне, мына қазақ спортының қаһармандары: соққысы сойқан, сайыпқыран Серік, аяқжел ардагер, адуынды да арынды Александр, иіртасты икемдеп, илеген, иықты да иманжүзді Илья, зілтемірдің зеректі заңғары Зулфия, маңайын марқайтқан, мәнерлі де мінезді Майя, сайыскер саңлақтардан саспай, сабырлық сақтаған Светлана,  ортекедей орғып, ортадан озған Ольга.

Жеңістің екі түрі болады: заңды немесе кездейсоқ. Меніңше, дәл осы жолғы біздің спортшылардың жеңісі кездейсоқ емес. Және де ол тек ресми органдардың ғана жетістігі деуге болмайтын шығар.

Біріншіден, Олимпиада медалі бір күнде пайда болмайды. Осы күнге дейін ауыр атлетика, бокс, күрес секілді спорт түрлерінде жиналған тәжірибе мен дәстүрлер осы жолы өз ролін атқарды.  Екіншіден, әрбір Олимпиада батырының бабы мен бағы, маңдай тері алып шықты. Үшіншіден, олардың бойынан шынайы патриотизм сезімі табыла білді! Бұрын КСРО туы көтеріліп, қызыл империяның әнұраны шырқалса, енді өз түлегімен бірге тәуелсіз Қазақстан төрге озып жатыр! Спортшылар да уақыт өткен сайын түсініп келе жатқан секілді.

Әрине, «әттеген-айлар» да жоқ емес.

Әлемдік БАҚ-тар айтқан, біздің команда формасында мемлекетіміздің аты қате жазылуы, жалауымыздығы алтын Күннің орны ойылып, оның «тесік ту» аталуы да бір қарын құмалақ ішіндегі құмалақтар болғаны рас алғаш кезде. Ең алдымен, болашақ олимпикиондарымыз шетелден келгендер емес, өзіміздің төл азаматтарымыз болғаны дұрыс сияқты. «Легионерлер» ешқашан да Қазақ мемлекетінің шынайы патриоты бола алмас. Ал шын ниетке негізделген отансүйгіштік сезімі - алтын тұғырға көтерілуге итермелейтін ең басты стимулдың бірі!

Келесі Олимпиадаға әзірлік бар күш пен қаржымыз таңдаулы бір-екі спортшыға жұмсалып, медаль үшін күрес бола ма, әлде салауатты өмір негізінде тәрбиеленетін миллиондардың ішінен чемпиондарды іріктеу ісі бола ма? Алғашқысы - оңай, бірақ болашағы баянсыз, бұлдыр. Ал екіншісі, қиын (оның ішінде, машақаты көп, мәселен, Астана мен Алматыны тастап, ауыл-аймақты аралау керек). Бірақ тек осы жол ғана Қазақстан спортының әлем аренасындағы жеңістеріне тұрақты түрдегі негіз бола алады.

Келесі Олимпиадаға дайындық бүгіннен-ақ басталып кетті! Іске сәт, ағайын! Британияда біршама бедел алдық, Бразилияда сол беделден айрылмай, бағымыз жана берсін!

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5340