Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3861 3 пікір 13 Желтоқсан, 2021 сағат 16:49

Түркиядан қару алатын 20-лықта Қазақстан жоқ

Бір қызық мәлімет айтайын ба? Түркия билығы қаңтар мен қараша аралығында 2 млрд 793 млн 974 мың доллардың қорғаныс және авиация өнеркәсібі өнімдерін экспортқа шығарыпты. Келесі жылы бұл мөлшер 3 млрд доллардан сөзсіз асып түседі деп болжаймын өз басым. Ал осы өнімдердің көбін қай ел сатып алғанына тоқталсақ, көш басында АҚШ тұр. 1 млрд 32 млн 615 мың долардың затын сатып алса керек. Одан соң Әзербайжан 192 млн 126 мың долларға қару-жарақ пен авиация саласына қажет жабдықтар сатып алыпты.

Үшінші орында 180 млн 544 мың доллардың өнімін сатып алған Катар тұр.
Төртінші орын БАӘ-нің еншісінде. Түріктерден қорғанысқа қажет 161 млн 373 доллардың өнімін импорттапты. Германия 142 млн 816 мың доллардың өнімін алған. Бір сөзбен айтқанда түріктер қару-жарақ пен авиация нарығында орныға бастады деген сөз. Өйткені түрік өнімдерін импорттайтын ТОП-20 мемлекеттің ішінде Украина, Франция, Ұлыбритания, Қытай, Канада, Нидерланды, Үндістан қатарлы елдер де бар. Тіпті жиырмалыққа Түркіменстан мен Өзбекстан да енген. Ашхабад 37 млн 683 мың доллардың, Ташкент 29 млн 193 мың доллардың өнімін сатып алыпты. Ал Қазақстан ТОП-20 тізімінде жоқ. Демек біз Түркияның қорғаныс өнеркәсібі өнімдеріне әлі де қызықпай отырған сияқтымыз.

Рас, Anka-S дрондарын Қазақстан Қарулы күштері алатын болыпты деген әңгіме шыққан. Тіпті ол үшін 80 млн доллар жұмсамақ дейтін де қауесет тараған. Бірақ дрондарды 2023 жылға қарай алатын сияқтымыз. Онда да бұл әңгіме әзірге қауесет. Әдеттегідей әскерилер жұмаған аузын ашпайды. Алайда Қазақстан нарығына түріктің қорғаныс өнеркәсібіне машықтанған компанияларының кіргені рас. Aselsan біраздан бері жұмыс істейді. «Қазақстан Инжиниринг» холдингінің құрамында бірлескен кәсіпорын құрғанбыз. Былтырдан бері Otokar өкілдері жүр біздің елде. 6 ай бойы Arma 8x8 бронды көлігін сынақтан өткізді. Білетіндер оның сынақтан жақсы өткенін айтып жүр.

Сынақ демекші Arma 8×8 конвейерден баяғыда шығып қойған. Қателеспесем 700 ден астам данасы жасалып, тапсырыс берген елдерге жіберілді. Сөйтіп Түркияның қорғаныс өнеркәсібінің беделін көтеріп тастады.

Негізі қазір қорғаныс өнеркәсібі саласында әлемдік деңгейдегі TOP-100 компания бар. Көбі АҚШ, Қытай, Израил, Еуропа елдерінің, Кореяның, компаниясы. Бірлі-жарым Ресей компаниясы да бар тізімде. 2021 жылдың алғашқы алты айында осы 100 компания қатарында Ресейден бір, Түркиядпн екі компания болды. Жыл соңына дейін өзгеруі мүмкін. Бір ескерілетін дүние, түрік компанияларының беделі өсіп келе жатса, орыстардікі кері кетіп барады. Сонымен бірге біз «отандық өнеркәсіп» өнімі ретінде айтып жүрген Mbobme8-«Барыс 8×8» көлігінің түп иесі Оңтүстік Африка Республикасынан бірде-бір компания үздік жүздікте жоқ. Демек әскери-техникалық ынтымақтастық саласында Түркияға бет бұрсақ ұтыла қоймаспыз. Әрине мұндай мәселе жан-жақты зерттелуі керек. Дегенмен бір ғана Aselsan түріктермен бірлескен кәсіпорын құрудың нәтижесі жаман болмайтынын көрсетті.

Жалпы сапалы әскери техника жауынгер өмірін сақтайды. Ал әр жауынгер құны ештеңемен өлшенбейтін қымбат қазына. Сондықтан Түркі мемлекеттері ұйымы аясында әскери ынтымақтастыққа да көбірек көңіл бөлген жөн-ау.

Амангелді Құрметұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435