Сенбі, 23 Қараша 2024
Ел іші... 4986 7 пікір 14 Желтоқсан, 2021 сағат 15:56

Екібастұзда Тәуелсіздіктің бірде-бір нышаны жоқ!

Жаңа жылға дайындық желтоқсанның басынан басталып кетті

Президентіміздің өзі бас болып, көңіл бөліп жатқан көмірлі қала – Екібастұздың мекемелері мен сауда орындарында Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойының исі сезілмейді. Барлық сауда орындары желтоқсанның басынан Жаңа жыл мерекесіне дайындалып кеткен.

Бұл ненің белгісі? Бұл жергілікті билік өкілдерінің (кәсіпкерлік саласына жауапты тұлғалардың да!) және ең бастысы, қала әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің Тәуелсіздікті насихаттауға деген немқұрайдылығы мен салғырттығын білдіреді. Біздіңше, жергілікті билік кәсіпкерлік нысандарының басшыларын жиып алып, қараша айынан-ақ, Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойы келе жатқанын, оны қалай насихаттауға болатынын, мемлекеттік мереке өтіп кетпейінше Жаңа жылды насихаттамай қоя тұруды түсіндіруі керек еді. Өйтейін десе, қала әкімінің кәсіпкерлікке жетекшілік ететін орынбасары Гүлжан Қадырбаеваның қоластындағы мамандарды бір шыбықпен тырқыратып қудалаудан қолы тимей жүр. Бүгінде соның салдарынан әкімдіктегі мамандар бірінен соң бірі жұмыстан кетіп жатыр. Таяуда осы қудалауға шыдамаған кәсіпкерлік басшысы (қаладағы ең қазақтілді басшы!) Еркебұлан Алдабергенұлы қызметтен кетті.

Әлеуметтік желілерде жарияланған Тәуелсіздікке арналған бағдарламаға жергілікті билік әдеттегі жаттанды шараларды белгілепті. Соның ішінде жас отбасыларға неке куәліктерін салтанатты тапсыру сияқты шаралар бар. Біреудің неке қию рәсімі жеке бір отбасының шаруасы емес пе? Жастар келешекте тұрып кете ала ма, жоқ па – оны билік иіскеп білген бе?

Бірлі-жарым мектептер мен балабақшаларда болмаса, Тәуелсіздік мерейтойының нышаны ешбір байқалмайды. Тәуелсіздік мерейтойы келе жатқанын Нұр-Сұлтанға барып келген тұрғындар ғана сезінуде, себебі астананың ірі сауда үйлерінде еліміздің Туы ілініп, басқа да қадамдар жасалыпты. Бұл жағынан орыстанып тұрған кеншілер қаласындағы биліктің хабарсыз болғаны өте өкінішті!

Ескерту! Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұнда ой жарыстырып, пікір алмастыруға Қазақстанның кез келген азаматы құқылы. Материалда есімі аталатын жекелеген тұлғалар редакцияға жауап беруге құлықты болса, алдағы уақытта олардың да пікірін жариялауға әзірміз. 

Бекнияз Сабыров,

Павлодар облысы

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1474
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5446