Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3701 0 пікір 22 Тамыз, 2012 сағат 17:29

Шәріпхан Қайсар. Атабаев арандап жүр

Қазақ әрдайым оқығанын құрметтеген, зиялысының соңынан ерген халық. Бірақ, қазір қазақта зиялы да қалмады деп жүр жұрт. Білімді деп біреудің соңына ілессе, онысы жетелеп апарып жарға жығады. Жарға жықпағаны бір сәттік жылы-жұмсақ үшін текені жезде, ешкіні апа деуге дайын. Билікке жарамсақтанған білімділерді былай қоя тұрып, билікке қарсы шыққандардың кім екеніне зер салайықшы. Олар күні кеше ғана «Сталин жолдас қателеседі» деген аталарды айтпағанның өзінде кешегі Желтоқсан оқиғасынан кейін «Мен - қазақпын» деп Колбинге қарсы шыққан ағалардың қолына су құя алар ма екен? Сонда бүгінгі оппозициядағы қазақ зиялылары кімдер?

Қазақ әрдайым оқығанын құрметтеген, зиялысының соңынан ерген халық. Бірақ, қазір қазақта зиялы да қалмады деп жүр жұрт. Білімді деп біреудің соңына ілессе, онысы жетелеп апарып жарға жығады. Жарға жықпағаны бір сәттік жылы-жұмсақ үшін текені жезде, ешкіні апа деуге дайын. Билікке жарамсақтанған білімділерді былай қоя тұрып, билікке қарсы шыққандардың кім екеніне зер салайықшы. Олар күні кеше ғана «Сталин жолдас қателеседі» деген аталарды айтпағанның өзінде кешегі Желтоқсан оқиғасынан кейін «Мен - қазақпын» деп Колбинге қарсы шыққан ағалардың қолына су құя алар ма екен? Сонда бүгінгі оппозициядағы қазақ зиялылары кімдер?

Өзінің туған халқы - қазақты ешқашан елдің болашағын айқындаушы негізгі күш ретінде ойлап көрмеген, ақшамен кез-келген адамды  сатып алуға болады деген қағидамен өмір сүрген  олигарх-оппозционер Мұхтар Әбілазов өзіне тықыр таянған уақытта тіренер таяныш іздеп, 2009-жылы өз жақтастарының қатарына зиялы қауым өкілдерін, сол арқылы зиялысына сенетін барша қазақты тартпақ болып жанталасқаны есімізде. Сонда алдымен оның құрығына ілінген режиссер Болат Атабаев болатын. Ашығын айту керек, Болат Атабаев қазаққа біршама танымал адам. Театр режиссері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Болат Атабаев М.Әуезов атындағы қазақ драма театрының режиссері болып жемісті еңбек еткен адам. Ол Мұхтар Әбілазовтың құрығына қайдан ілікті? Әуезов театрынан кеткеннен кейін «Ақсарай» атты жекеменшік мюзикл-театр ашқан ол жас театрды аяғынан тік тұрғызатын қаржы іздеп шапқылап жүргенде, ертеңін ерте ойлайтын сұрқия Әбілазовқа тап келді. Ол жыл сайын Ақсарайға 700 мың доллар қаржы құйып, өнер ұжымының барлық шығынын көтеріп отырған. Қандай жақсы деп сүйінер едік, егер ол ақша халықтың БТА банкке салған салымдары болмағанда, егер ол ақша Әбілазовтың алаяқтық амалдары арқылы аннан-мыннан қымқырған арам ақшасы болмағанда...

Жарайды, қайдан алса да қазақ театрына қаржылай көмектескен Әбілазовтың әрекетін құптайық. Бірақ, алмақтың да салмағы бар екені кейін оған тықыр таянғанда анық білінді. Әбілазов саясаттың арам ойынына «Ақсарайдың» иесі Атабаевты сүйреп әкеліп атып жіберді. Атабаевта мәрт екен, қолдан келгенше адалдығын танытты. Шіркін, азаматтың мәрттігі мен бойындағы шығармашылық қабілеті  қайдағы бір қашқын олигархқа емес, туған халқына бағытталса ғой деп армандайсың. Алайда, мәселенің мәніне қанықсаңыз ол олай емес. Әбілазовтың басына күн туған сәтте, БТА банкының басшылығы қаншалықты былық-шылыққа батқаны айдай әлемге жария болса да Атабаев адалдығынан айнымады. Сөйтсек, ол адамгершілікке емес, ақшаға да адал екен. Оппозициялық бағыттағы ақпарат құралдарына әлсін-әлсін сұхбат беріп, «Қазақстандағы саяси жүйені өзгерту үшін мен шайтанмен достасуға да әзірмін. Ал, Әбілазов мен үшін шайтан емес» деді мізбақпастан. Сол бетінде Атабаев айтқанынан қайтпады. «Свобода слова» газетіне берген сұхбатында Әбілазовтың бүкіл оппозицияны қаржыландырып келгенін де айтып салды. «Әбілазов сыртқа қаншама қаражатты шығарып кетті деп айыптайсыздар, ол соңғы 10 жылда оппозицияны қаржыландырып отыр. Олай болса, сол шетелге жіберген қаржысын қайтадан Қазақстанға құйып жатқан жоқ па дейді» көкеміз ағынан жарылып. Негізі, өнер адамы өзінің жан дүниесіне жақын өнер саласымен айналысқаны жөн. Болат Атабаев билікке таласқан байпатшалардың арам ойынына араласпай, тыныш қана театрын басқарып, шәкірттерін тәрбиелеп отырса, халқына әлдеқайда пайдалы іс қылар еді. Қазақтың дарынды ұлы ретінде тарихта да аты қалар еді. Қазір ол кім? Небәрі, алаяқ банкирдің, арсыз оппозиционердің асын ішіп, аяғын босатқан біреу.

«Тышқан ініне кіре алмай жүріп құйрығына қалжауыр байлапты» деген. Ашқан театрын түзей алмай жүріп, байларға ілескен, солардың айтағына еріп, елінің балтырын қапқанның несі зиялы?

Зиялы адам тым болмағанда халқын орға жыққанын түсініп, сол сәтте тәубесін еске түсіруі керек еді. Елінен кешірім сұрауы қажет еді. Жоқ,   Атабаев аузы көпіріп, алыстағы жебеушінің айтағына ілесумен жүр. Бұл жығылғанға жұдырық болды. Осы кезде Атабаевтан күллі халқы біржола сырт айналды. Ол зиялы қауымының қатарынан зиянды қауымның қатарына бір-ақ шықты.

Қандай керемет тұлға болса да қандай да бір мемлекеттің азаматы өзінің туған елінің, тұрған мемлекетінің заңын сыйлауға міндетті. Қоғамды, мемлекетті сыйлайтын адам сол мемлекеттің құзырлы органдарын да сыйлауы тиіс. Биліктің алдына барып, бас ұрып ләпбайламай-ақ қойсын, тым болмағанда құқық қорғау органдарының  шақыруына жауап беруі қажет қой. Тергеу барысымен келіспесе, Жаңаөзен оқиғасына кімді кінәлі деп санаса сонысын соттың алдына барып айтса, ештеңе өніп кете қоймас еді. Жоқ, халқының қасында болғаннан гөрі тұтас мемлекетке күйе шашып, «шайтанмен жолдас болуды» артық көрген Атабаевтың азаматтығы алыстан айтақтап жатқан «Атымтай жомартының» жоғын жоқтауға ғана жетті.  Қысқасы, Атабаев арандап жүр. Бірақ ол өзін кімнің қандай мақсатқа арандатқанын әлі күнге білер емес.

«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279