Жұма, 11 Қыркүйек 2026
4366 9 пікір 20 Желтоқсан, 2021 сағат 17:33

Назарбаевтың бейнесі бар 5 мың теңгелік ақша шықты

Қазақстан Ұлттық Банкі айналымға "TÁÝELSIZ QAZAQSTANǴA 30 JYL" коллекциялық монеталарын шығарады. Номиналдары 5 мың және 500 теңгелік күмістен және номиналы 100 теңгелік мельхиордан жасалған монеталар "Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар" сериясын жалғастырады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

- Монеталарының дизайны біртуар тарихи тұлғалардың портреттік бейнелері салынған. Онда тәуелсіз Қазақстанның 1993 жылғы үлгідегі банкноттарының бірінші сериясымен символдық байланыс көрсетілген. Композиция визуалды портреттік қатарды аяқтап, мемлекет тарихындағы мерейтойлық кезеңді логикалық түрде білдіреді, — делінген хабарламада.

925 сынамалы күмістен жасалған 5 мың теңгелік 300 монета, ал 500 теңгелік 3 мың монета жасалды. Сондай-ақ мельхиор қоспасынан жасалған 100 теңгелік 30 мың тиын дайындалған. Олардың барлығы еліміздің аумағында төлем жүргізу үшін жарамды.

Естеріңізге сала кетейік,  биыл ұлттық валюта теңгенің айналымға енгеніне 28 жыл толды.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1072
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2626
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 747
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 713