Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3432 0 пікір 27 Тамыз, 2012 сағат 07:17

Қажымұқан Ғабдолла. «Асқанға - тосқан» ба?..»

«Дүние - жалған» дейтін қазақ атамыз данышпан екен. Күні кеше Атыраудың ақсақалы мен қарасақалының, шенеунігі мен елеулісінің піріндей пырақ ұшқан азамат, бұрынғы облыс басшысы бүгін бала-шағасымен қауышуы үшін Атырау әуежайынан ұша алмаған көрінеді...
Ұшқызбапты-мыс, рұқсат бермепті-міс... Қазір үйқамақта-мыс...
Елбасының дырдай басы ұшып келіп: «Алты жылға таяу уақытта менің тапсырмаларымды орындады» деп мақтаған әкім орынынан кеткен бес күнде не бүлдіріп, не сындырып қойыпты?..
Елбасымыз: «Бергей Рысқалиев халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін, жұмыссыздықты азайтып, нақты жұмыс орындарын ашу үшін, қымбатшылыққа құрық салу үшін қолынан келгенінің бәрін жасады» десе, бұл құлаққа кіретін әңгіме болар еді... Бірақ, кезкелген әкім немесе министр ел мен мемлекетке қызмет жасау үшін емес, тек Елбасының тапсырмаларын орындау үшін ғана лауазымға тағайындалады екен.
Мейлің, Бергей бауырымыз өз қызметінде қателіктер жіберді-ақ делік, әйтпесе, белгілі бір дәрежеде жемқорлыққа ұрынды делік, олай болса, облыс әкімінің жұмысын бақылайтын Президент Әкімшілігі мен Үкімет Кеңсесі, қала берді, Салық комитеті мен Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті ай қарап отыр ма? Тіпті, халықтың есебінен қарын қампайтқан түкке керексіз арамтамақ құрылымдар Қаржы полициясы мен Есеп комитеті шошқа тағалап жүр ме?..

Басты мәселе: бірін-бірі түгімен жұтып қоюға әзір Ұлттық Қауіпсіздік Комитетінің төрағасы Нұртай Әбіқаев пен Президент Әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусиннің арасындағы жекебастық, жекетоптық, жекетобырлық кикілжіңде болып отырған сияқты...  
Атыраудың қасиетті топырағынан шығып, су ішкен құдығына қақырған қасиетсіз Гүлжан Ерғалиеваның «оргазм» сөзіне ұқсас сайты, әсіресе, батыстың азаматтарын тұқыртуға келгенде, оның ішінде, атыраулықтарды күстаналағанда, алдына жан салар емес. Аспаннан салбырып түскендей болатын Гүлжан: «Б.Рысқалиевтің «жағымсыз жұмысының» ауқымды деңгейіне Президенттің өзі таң қалып, таңдай қақты...» деп жазды...
Жат пейіл, боркемік болмыстың жазуынша, мұнайлы аймақтарды (Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда) «жемқорлардан тазалап, тәртіп орнатпаққа» кіріскен билік Бергей мен Аманжан (халық ішінде «Ақаман» деп атайды) Рысқалиевтердің «қылмыстық істері» туралы шерниген жетпіс пәпке іс әзірлепті-міс. Қазір Атырау әкімшілігінде Қазақстанның құқық қорғау орындарының тергеушілері мен тексерушілері айғырдың тезегіндей үйіліп алыпты-мыс...  
Талас жоқ, 2006 жылдың қазан айынан әкімдікке кіріскен Бергейдің ұзақ жылдарғы қызметінде аз-кем қателік-кемшіліктердің болуы заңды. Дегенмен, Бергейдің «құпияларын ашқан» оның орынбасары Сәлімжан Нақпаевтың сүттен ақ, судан таза болуы да неғайбыл ғой. Сондықтан, Атыраудың ақсақалдары мен зиялы қауымының өздерінің елдіктерін айғақтап, өңірдің кешегі басшысы, туған топырақтарының ұланы Бергей Рысқалиевті қорғап-қолдап хат жазулары өте орынды әрі кісіліктің белгісі, деп түсінемін.
Оның үстіне, желдей ескен өсек-өтірік пен жала-қаралаулар туралы ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаты Аманжан Рысқали қазір өзінің барлық Парламент депутаттары секілді демалыста, Қазақстанда жүргендігін айтып: «Біз құқықтық мемлекет қалыптастырудамыз. Және мен кімнің таратып жатқандығы белгісіз қауесет үшін ешкімнің алдында ақталуға міндетті емеспін. Керісінше, олар маған қатысты ақпараттарын дәлелдеулері қажет, ал, ол үшін оларға бастапқыда, ең болмаса, өздерінің бет пердесін ашуы керек», - деп ашық айтты...
Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев өз мәлімдемесінде: «Әрбір саясаткердің, әсіресе, бизнестен келген адамның әрқашан пікірлестері де, оппоненттері де болады. Бұл қалыпты жағдай. Қоғамдық және саяси тұстарынан басқа, бұл мәселенің этикалық жағын да ұмытуға болмайды. Әңгіме отбасы, ата-анасы, балалары және жақындары бар нақты адам туралы орын алып отыр...» - депті.
Қазақстанның Ішкі Істер министрлігінің Атырау облысының бұрынғы әкімі Бергей Рысқалиевтің ұсталуы туралы ақпаратты ресми түрде жоққа шығаруына қарағанда, сірә, бұрынғы басшы Бергей Рысқалиев тұтқындалған да жоқ, оның бауыры, Мәжіліс депутаты Аманжан Рысқали ешқайда қашпай, елімізде демалып жатқан болуы керек. .
...Сонда, бұл цирк кімге керек? Құқық қорғау орындары мемлекеттің шекарасы мен ұлттың қауіпсіздігін қорғаумен қашан айналысады? Іштен жау іздесек, Елбасы айтпақшы, кезкелген кәсіпкермен бірге «кезкелген әкім мен министрдің қолынан жетектеп сотқа апаруға болады ғой»...
Қазақ Елінде қауіпсіз қызмет қалды ма?!.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1457
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3225
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279