Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 10070 0 пікір 29 Тамыз, 2012 сағат 05:51

Қазақстан барысы

Қазақ   күресінен ҚР Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сыны өтетін күн де жақын қалды. Қыркүйектің 22-і жұлдызында еліміздің 14 облысы және Алматы мен Астана қалаларынан жиналған 32 балуан «барыс» атану үшін барын салмақ. Бүгінге дейін еліміздің бар аймағында іріктеу сыны жүргізіліп, әр облыстың ең мықты деген екі балуаны  республикалық турнирге жолдама алды. 2012 жылғы  іріктеу турнирінде жалпы жиынтығы 749 мың балуан  бақ сынап, соның 32-і «Сарыарқа» кешенінде өтетін «Қазақстан барысы» турнирінің ақтық сынына қатысу мүмкіндігін иеленді. 2011 жылы тұңғыш рет өткен «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу кезеңіне жалпы есебі 744 мың балуан қатысқан болатын.

2012 жылғы «Қазақстан барысы» республикалық турниріне іріктеу 3 кезеңді қамтыды

І кезең

Ауыл-аймақтардағы жас таланттардың көзін ашу мақсатымен, еліміздің әрбір нүктесінде іріктеу жүргізілді. Іріктеу сынынан іркілмей өткен балуандар аудандық сайысқа қатысу мүмкіндігін иеленді.

ІІ кезең

Әр ауданда жүргізілген іріктеу турнирі үздіктерді сұрыптап шығарып, облыстық сайысқа жолдама берді

ІІІ кезең

Бұл кезеңде әр облыстың намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды. Әр облыстың ең үздік 2 балуаны республикалық турнирге қатысатын мүмкіндікті жеңіп алды.

Республикалық сынға жолдама алған балуандар шілденің 10-13 аралығында Алматы қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізіп, медициналық тексеруден өтті.

Іріктеу сынына арналған  үш кезең артта қалды. Енді топтан озған 32 балуан қыркүйектің 22-і күні Қазақстанның бас балуаны кім болатынын анықтайды. Турнирге қатысатын балуандардың салмағы 74 келіден жоғары болуы тиіс.

Биылғы бәсекелестік де жоғары, жүлде қоры да қомақты. «Қазақстан барысы» атанған балуан  150  мың доллар  көлемінде сыйақымен бірге, «Алтын белбеу» және «тайтұяқ» алады. Екінші және үшінші орын иегерлері «күміс белбеу», «қола белбеумен», сондай-ақ, қомақты қаржылай сыйлықпен марапатталады.

«Қазақстан барысы» - қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүлдесі үшін өтетін республикалық турнир. Биыл екінші рет ұйымдастырылып отырған ауқымды сайыстың басты мақсаты  - Қазақ күресінің насихатын арттырып, Қазақстан халқының патриоттық сезімін ояту. Қазақ күресін әлемге танытып, Азия ойындары мен Олимпиада бағдарламасына енгізу де көзделіп отыр. Ол үшін  «Қазақстан барысы» секілді ірі жоба арқылы  қазақ күресінің ел және шетелдегі насихатын арттыра түсу керек.

«Қазақстан Барысы» турнирі идеясының авторы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық Кеңесінің төрағасы  - Арман Шораев.

«Қазақстан барысы» турнирінің ұйымдастырушылары: Қазақстан Республикасының Спорт және дене шынықтыру ісі  жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облысының әкімшілігі, «Қазақстан барысы» Қазақ күресін дамыту қоры және Қазақстан Республикасының Қазақ күресі федерациясы.

Бас ақпараттық демеуші - "Қазақстан" ұлттық телеарнасы.

Турнирдің бас демеушісі - «Самұрық Қазына» әл ауқат қоры.

Фотоматериалдар, жеңімпаздардың тізімі, іріктеуден өткен балуандар туралы анықтамалар  Қордың ресми www.facebook.com/kazakhstanbarysy парақшасында және www.kazakhstanbarysy.kz сайтында  орналасқан.

«Қазақстан барысы» турнирінің финалдық айқсында көрермендер арасында да жүлделер ойнатылады. Бас жүлде - автокөлік. Турнирге билет алу үшін  + 7 701 100 43 44 нөміріне қоңырау шалсаңыздар болады.

«Қазақстан барысы» жобасының ақтық сынына қатысатын балуандар:

Астана қаласы

Ғани Сейділдаев

Дархан Бижанов

Алматы қаласы

Ердәулет Құрманов

Жайдар Сайлаубаев

Атырау облысы

Кенжебек Күзенбаев

Нұрбек Қожағалиев

Ақтөбе облысы

Бақтыбай Қисықов

Нұрсұлтан Иманғазин

Маңғыстау облысы

Бақдәулет Абызов

Күнәлем Ержанов

Алматы облысы

Айдос Қаңлыбаев

Руслан Сейілханов

Ақмола облысы

Нұрлан Жамаев

Рустам Джумаев

Қарағанды облысы

Александр Касачев

Асыл Бәрменов

Оңтүстік Қазақстан облысы

Сабыржан Әбілдаұлы

Нұрзат Бекасылов

Солтүстік Қазақстан облысы

Айбек Қырықбай

Дәурен Еслямов

Шығыс Қазақстан облысы

Айбек Нұғымаров

Шалқар Жоламанов

Батыс Қазақстан облысы

Арман Әбеуов

Еділ Үсенов

Қостанай облысы

Мұрат Кеңтонов

Максим Гербер

Жамбыл облысы

Жасұлан Әбішев

Бейбіт Ыстыбаев

Павлодар облысы

Дархан Жоламанов

Мұрат Бәкір

Қызылорда облысы

Ерболат Юсупов

Руслан Әбдіразақов

«Қазақстан барысы» республикалық турнирінің

баспасөз қызметі

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279