Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 5081 20 пікір 23 Желтоқсан, 2021 сағат 15:38

Ресей өлі КСРО-ны тірілтпек па?

Ресей билігі соңғы он жылдықта КСРО-ны қайта қалпына келтіру идеясы барын аңғартуда. Әрине, оны ашық айтпаса да, сөздері мен істерінен, пиғылдарынан айқын көрініп тұр. Путин тарихта Ресей жерін кеңейтуші ретінде қалуды армандайды. Оны Батыстық та, ресейлік те сарапшылар айтып та, жазып та жатыр. 

2021 жылдың 19-желтоқсанында Финляндия құрамасы мен Ресей арасында хоккей ойыны болды. Ресей құрамасы "КСРО" атты жазуы бар форманы киіп шықты. Бұл финдерге ұнамағаны анық. Себебі Финляндия КСРОны жау және отаршы мемлекет санайды, 1940-жылы Мәскеу жасаған басқыншылық саясатын да жадынан шығармақ емес.

Финляндияның бұрынғы премьері Стубб бұл туралы былай деп жазды.  "Еурохоккей турында Ресей мен Финляндия ойынына Ресей құрамасы КСРО формасын киіп шыққанына таңырқап, ашуланып та қалдым. Бұл форма миллиондаған жазықсыз жандарды құрбан еткен режимнің символі емес па?! Өзге мысалдарды келтіруді кейінге қалдырайы. Бұл бізді келеке ету, мұндайға спортта да, басқа жерде де жол берілмеуі тиіс. Ойынды Финляндия жеңіп шыққаны айтарлықтай маңызға ие емес. Бұл форма өте жиіркенішті", — деп жазды Стубб.

Сарапшылар Ресей бұл форманы қасақаны кигенін айтады. Бұл екі мағынаны білдіруі мүмкін. Біріншісі Ресей мен НАТО арасында бұрынсоңды болмаған шиеленіс басталды, сол сәтте Ресей осы форманы киіп, психологиялық шабуыл жасауға тырысқан. Екіншісі Ресейдің КСРО формасын киіп шығуы КСРО-ның ыдырағанына 30 жыл толуына сәйкес келді. Демек, Ресей ол империяны қайта тірілтеміз деген сигнал бергісі келген дейді мамандар.

Ресей КСРОның ыдырауына қатысты бірнеше мәрте мәлімдеме жасады. Путин оны трагедия санайды. Жақында ол "Россия-1" арнасынадағы "Россия. Новейшая история" атты фильмде осы жайлы кеңінен көсіле айтты.  "КСРО-ның ыдырауы мен үшін де, көпшілік халық үшін де трагедия болды. КСРО-ның ыдырауы дегеніміз не? Бұл дегеніміз КСРО деп аталған тарихи Ресейдің құлауы ғой.

Біз мүлде бөлек елге айналдық. Мыңдаған жылдар бойы қалыптасып, түзілген игіліктерді жоғалттық", - деді Путин.

Ол осыдан он жыл бұрын айтқан сөзін сұхбат барысында тағы қайталады. "Бір сәтте 25 млн орыс ұлты өзге елдердің тұрғындары болып шыға келді. Олар тәуелсіздік алып, өз алдына ел болған мемлекеттердің құрамында қалды" дейді Кремль басшысы. "Олар үшін әрине бұл жақсы шығар, бірақ өз еркінен тыс өзге елде қалғандар үшін бұл әрине жаман. Олардың қайтып оралуына мүмкіндік болмады, туыстарымен қауыша алмады. Тұратын орындары да, жұмыстары да болмады. Бұл еш әсірелеусіз үлкен гуманитарлық трагедия еді", - дейді Путин.

Путин КСРО-ның ыдырауы өзге елдердің территориясының ұлғаюына әсер еткенін айтады. Мысалы Қазақстанның. Оның "Біздің егемендігімізге қатысты өзге де мәселелер бар ғой. Совет одағы құрылған кезде, келісімшартта оның құрыманын шығу құқы да жазылған. Ал оның (одақтан шығудың) тәртібі жазылмағандықтан, сұрақ туындайды. Егер қандай да бір республика Кеңес одағы құрамына қосылып, өз иеліктеріне ( в свой багаж-ред.) ірі көлемде Ресей жерін, дәстүрлі Ресей территориясын алып, кейін одақ құрамынан шығуға шешім қабылдаса, онда ең құрығанда, орыс халқының «сыйлығын» бірге ала кетпей, немен кірдің, сонымен шығуың керек қой. Осының ешқайсысы жазылған жоқ. Сондықтан, қазіргі Конституцияға өзгеріс енгізуді әбден дұрыс деп есептеймін", - деп айтқаны әлі ел есінде.

Ресей МемДумасының басшысы Володин де "КСРО неге ыдырады, оны зерттеу керек" деп қақылдап жүргеніне біраp болды.

Батыс сарапшылары Путин тарихта Ресей жерін жинаушы деп қалғысы келетінін айтады. Ол осы мақсатта 2008 жылы Грузияға басып кірді, артынша араға алты жыл салып, Украинаның бір бөлігін тартып алды. Қырымды отарлады. Енді міне, НАТО елдеріне шарт қойып отыр. Аталмыш шарт арқылы ол өзінің ықпал ету аймағын құжат жүзінде бекітіп алмақ және артынша оларды отарлауды жүйелі түрде жүргізбек дейді сарапшылар.

Ка Мырза

Abai.kz

20 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351