Семейде Президент мақаласы қызу талқыланды
Семейдегі барлық мекеме, ұйым қызметкерлері қатысқан кеңесте қала әкімі Айбек Кәрімов Елбасы Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам» атты мақаласын кеңінен түсіндіріп өтті.
- Осы маңызды саяси құжатта Елбасы әлеуметтік-экономикалық жаңғырту үлгісін кеңінен айтты. Еліміздегі әлеуметтік тұрақтылық жалпыға ортақ еңбек қоғамына байланысты болмақ, - деді қала басшысы.
Елімізде еңбек етуге толық жағдай бар. Елбасы мақаласында осыны түсіндіре келе басты проблемаларды көрсетіп, оны шешпей еліміз алға кезекті қадамын жасай алмайтынын дәйекті түрде дәлелдеген. Президент ел азаматтарының жеңіл ақша тауып, оған табынудың тамыр жайғанына алаңдаушылық білдіріп, баса назар аударып отыр. Осыған байланысты Мемлекет басшысы әлеуметтік жаңғыртудың тұтас үлгісін әзірлеуді ұсынады. Құқықтық сауаттылықтың, рухани-адамгершілік құндылықтардың жоғары деңгейі бар. Әлеуметтік береке адамдардың дамуынсыз, толысқан қоғамның қалыптасуынсыз болуы мүмкін емес.
- Олай болса, әлеуметтік жаңғырту - біздің жас мемлекетіміз үшін қазір шынымен қажет және біз Президентіміздің осы идеяларын әрі қарай дамытуға және іске асыруға барлық күш-жігерімізді салуымыз керек, - деді қала әкімі.

Президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ тапсырмасына сәйкес Семей қаласында жұмыссыздарды, табысы аз азаматтарды және өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған тұрғындарды еңбекке тарту үшін «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасына орай алдағы уақытта да шаралар атқарыла бермек. Аталған бағдарлама бірінші кезекте халықты жұмыспен қамтамасыз ету міндеттерін жүйелі түрде шешуге арналып отыр.
Осыларды айта келе қала әкімі Айбек Кәрімов Үкімет пен облыс Әкімі тарапынан Семей қаласына жасалып жатқан қамқорлық жайында да атап айтты. Мәселен, биыл қыстан қысылмай өтті. Көптеген қаңырап тұрған үйлер терможаңғырту бағдарламасына ілікті. ЖЭО-1-де жаңадан жылу көздері орнаталып, соның нәтижесінде қаланың сол жағалауы қытымыр қыстың шын мінезін сезінбеді де. Оның үстіне жылу қазандықтары еуростандартқа сай жоғарғы технологиялармен жабдықталды.
- Дегенмен, шешімін таба алмай жатқан проблемалар да жоқ емес, - деді қала басшысы. - Мәселен, Ертіс өзені арқылы өтетін су тазалайтын кәріз дюкер республика тарапынан назарға алуды қажет етеді. Биологиялық тазарту құралдарымен бірге Ертіс үстіндегі жапондар мен түріктер тұрғызған аспалы көпір жағдайы, аэропортты күрделі жөндеуден өткізу және қалған жылу желілерін реттеу де өзекті проблемалар қатарында. Мемлекеттік қызмет халық игілігіне сай жұмыс істеуі тиіс. Соңғы кезде семейлік мемлекеттік қызметшілердің жұмыс сапасы жақсарған. Құжаттар сапалы түрде әзірленіп, тәртіп деңгейі жоғарылаған.
Бірақ, «әттеген-айлар» да жоқ емес. Кейбір сала қызметкерлері қағазбастылықтан арыла алмауда. Халықтан келген хатқа жауап беру, арыздарды тексеру едәуір кешіктіріледі. Бұл сын негізінен құрылыс бөлімі, коммуналды сала мамандарына айтылды.
- Қаладағы жер беру мен сату мәселесіндегі бейбастыққа не айтуға болады? - деді қала әкімі. - Мемлекеттік қызметте отырған адамдар осыдан он бес, жиырма жыл бұрын жерлерді қалай болса, солай үлестіре салған. Соның нәтижесінде бүгін халық зардап шегіп отыр. Балабақша, аурухана, мектеп сияқты әлеуметтік нысандарды тұрғызу үшін бүгінде мүлде қолайлы жер таба алмай отырмыз. Кейбіреулер қала әкімі тыйым салған жерлердің құжатын қолға түсіріп, ол жерлерге заңсыз түрде өз нысандарын тұрғызбақ болады. Алдағы уақытта Семей қаласының бас жоспарына сәйкес жасалмаған дүниелерге ерекше назар аудырылып, кінәлілер жазасын алуы тиіс.
Қала әкімі ауыл шаруашылығы бөлімінің де қызметін қатал сынға алды. Ет, сүт, көкөніс өндіруге байланысты маңызды мәселелер шешімі кешігіп жатады. Осы тұрғыдағы жетістіктер мен жаңа технологиялар жемісін жергілікті халық толық көре алмайды. Қала тұрғындарын тиімді бағадағы өзімізде өндірілетін ет-сүтпен қамтамасыз ету әлі күнге дейін шешілмеген. Ауыл шаруашылығына қолайлы жерлер айналымға түспей, бос жатыр.
- Қалада барлық мүмкіндік бола тұрып, ғылым мен ауыл шаруашылық өндірісін біріктіре алмай келеміз, - деді әкім. - Сондай-ақ, Шәкерім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ғылыми базасын жаңғырту үшін агротехнопарк құрайық десек, ауыл шаруашылық бөлімі Білім және ғылым министрлігіне жолданатын жоба-хатты кешіктіріп жіберді. Ал бұл айтылып отырғандардың барлығы да Елбасының ауыл шаруашылық саласын дамыту қажеттігіне байланысты айтылған тапсырмалар емес пе?!
Кеңес барысында Елбасы мақаласына орай бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, қаланы көріктендіру, тазалық, жұмыспен қамту сияқты тағы басқа да проблемалар талқыланды.