Дүйсенбі, 7 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 4057 0 пікір 28 Тамыз, 2012 сағат 08:15

Антиядролық конференцияға қатысушылар Курчатовта жүр

Бүгін Шығыс Қазақстанда басталған халықаралық антиядролық конференцияға қатысушылар Курчатов қаласындағы бірқатар нысандарды аралады.

Аталмыш шараға әлемнің 75 елінің өкілдері, 20-дан астам қоғамдық және халықаралық ұйым өкілдері, шетелдік және республикалық БАҚ өкілдері қатысуда.

Конференцияға қатысушылар Курчатовтағы ҚР Ұлттық ядролық орталығында, "Ядролық технологиялар паркі" АҚ кешенінде болып, "Токамак КТМ" термоядролық реакторын көрді. Одан кейін тікұшақпен бұрынғы Семей ядролық сынақ полигонының "Сынақ алаңына" келді. БАҚ өкілдері үшін Норвегия Парламентінің вице-президенті Марит Нюбак, халықаралық кризистік топтың президенті Гарет Эванс, Ұлыбритания Лордтар Палатасының мүшесі Джон Уэйверли баяндама жасады.

Түстен кейін конференцияға қатысушылар аймақтық онкологиялық диспансерде, радиациялық медицина және экология ғылыми-зерттеу институтының жұмысымен танысып, Семей ядролық сынақ полигонының жабылуына 21 жыл толуына орай өткізілген Полковничий аралындағы митингіге қатысты.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 946
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2435
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 651
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 631