Жұма, 22 Қараша 2024
3196 1 пікір 25 Желтоқсан, 2021 сағат 03:54

Қазақстаннан "омикрон" штамы анықталған

Түркіменстанның Балкан уәлаятында коронавирустың тарауына қарсы шектеу шаралары күшейді. Медицина қызметкерлері мұны Қазақстаннан оралған түркімен азаматтарынан COVID-19 вирусының "омикрон" штамы анықталғанымен байланыстырады.

"Бекдаш карантин аймағында Қазақстаннан оралған төрт азаматтан "омикрон" штамы анықталды", - деп хабарлады дәрігер Азаттық радиосының түркімен қызметінің тілшісіне.

Дәрігердің сөзінше, екі апта бұрын түркімен-қазақ шекарасындағы өткізу бекеті ашық болған. Қазақстанда қалған түркімен азаматтарына оралуға мүмкіндік берген. Енді вирус анықталғаннан кейін, шекараны қайта жапқан.

Түркіменстан президенті Гурбангулы Бердімұхаммедов елдің қауіпсіздік кеңесіне "омикрон" штамының "кіруіне" жол бермеуді тапсырған.

Енді аймақтан Ашғабадқа баратын азаматтарды COVID-19 вирусына тест тапсыруды міндеттеп жатыр. Тест тапсыру мерзімі 24 сағаттан аспауы керек, құны 101 манат тұрады. Осыған дейін 72 сағаттың ішінде тест тапсыруға рұқсат етілген.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5299