Семей: Қазақстан Президентін бейбітшілік Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын мыңдаған адам қолдады
Кеше Семейде «Өлімнен де күшті» ескерткіші мен Бейбітшілік стеласының жанында бірнеше мың адамның қатысуымен митинг өтті.
Шығысқазақстандықтар аймаққа ядролыққа қарсы форумға әлемнің түкпір-түкпірінен келген қонақтарды қарсы алды.
Әлемнің көптеген елдері парламентшілерінің, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, соғыс және еңбек ардагерлері, аймақ тұрғындары ядролық қаруға қарсы митинг өткен Полковничий аралына жиналды. Олардың барлығын бір мақсат - ядролық қарусыз әлем үшін күрес топтастырды.
Дәл осы жерде, Семей ядролық полигонының құрбандарын еске алу орнында Морияма Хироюки халықаралық парламентшілердің Қазақстан Президентін бейбітшілік Нобель сыйлығына ұсыну бастамасын жария етті.
Ол «Жапония мен Қазақстанды қайғылы ядролық оқиғалар бірлестіретін» атап өтті. Және Нұрсұлтан Назарбаев пен оның халқы таңдаған ядролық қаруға қарсы бағыт жапон халқына ерекше жақын және түсінікті екенін айтып өтті.
Морияма Хироюки мырза Қазақстан халқына «ядролық қаруға қарсы таңдауы» үшін алғысын білдірді.

Қазақстанддықы ядролық қаруға қарсы бастамаларды қолдап Канада Парламентінің халықаралық істер жөніндегі комиссияның мүшесі Пол Дювар, Польша Сенатының халықаралық істер жөніндегі комиссиясының төрағасы Влодзимеж Цимошевич, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары Сергей Дьяченко, Семей қаласындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы, «Невада-Семей» антиядролық қозғалысының мүшесі Амантай Доғалақов және тағы басқа көптеген адамдар сөз сөйледі.