Сейсенбі, 8 Сәуір 2025
Билік 3361 0 пікір 3 Қаңтар, 2022 сағат 18:48

Үкіметтік комиссияны Тоғжанов басқарады

Премьер-министр Асқар Мамин Маңғыстау облысындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды қарау үшін Үкімет комиссиясын құрды. Комиссия басшысы болып Ералы Тоғжанов тағайындалды, деп хабарлайды orda.kz.

Комиссия құрамына энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев және бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин кірді. Комиссия өкілдері ертең Ақтауға ұшады.

Батыс Қазақстандағы жағдай 1 қаңтардан бастап, газдың бағасы литріне 120 теңгеге дейін күрт өскен кезде өрши түсті. Жаңаөзен қаласы мен жақын маңдағы ауылдар мен кенттердің тұрғындары көшелерге шығып, газ бағасын литріне 50 теңгеге дейін төмендетуді талап етуде.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1609
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4348
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3277