Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3049 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:02

Саяси партияларға қаржы көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу керек пе?

Жуырда көрші Ресейдегі «Единая Россия» партиясының белсенділері саяси партиялардың қаржы көздері мен шығындарын жыл сайын жалпақ жұртқа жариялауды міндеттеу керек мәселе көтерді.  Бұған дейін партияның есеп-қисабын Федералдық салық қызметі мен Орталық сайлау комиссиясы тексеріп келген екен. Ал партиялар сайлауға жұмсаған ақшаның есебін берумен шектеліп келген. Ресейдегі саяси процестердің көрші елдермен сабақтаспай қоймайтыны сөзсіз. Біздегі «Саяси партиялар туралы» Заңның 18-бабында «саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады» деп жазылғанымен, өкінішке қарай, күнделікті өмірден ондайды кездестіріп жатқанымыз жоқ.  Сарапшылардың бірі саяси партияларға қаржы көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу керек деген ой білдірсе, келесі сарапшылардың бұған айтар уәжі жоқ емес. Бұл тақырып - сарапшылардың ой-көкпарында.

 

Жуырда көрші Ресейдегі «Единая Россия» партиясының белсенділері саяси партиялардың қаржы көздері мен шығындарын жыл сайын жалпақ жұртқа жариялауды міндеттеу керек мәселе көтерді.  Бұған дейін партияның есеп-қисабын Федералдық салық қызметі мен Орталық сайлау комиссиясы тексеріп келген екен. Ал партиялар сайлауға жұмсаған ақшаның есебін берумен шектеліп келген. Ресейдегі саяси процестердің көрші елдермен сабақтаспай қоймайтыны сөзсіз. Біздегі «Саяси партиялар туралы» Заңның 18-бабында «саяси партияның жылдық қаржылық есебi жыл сайын республикалық баспасөз басылымдарында жарияланады» деп жазылғанымен, өкінішке қарай, күнделікті өмірден ондайды кездестіріп жатқанымыз жоқ.  Сарапшылардың бірі саяси партияларға қаржы көздері мен шығындарын жариялауды міндеттеу керек деген ой білдірсе, келесі сарапшылардың бұған айтар уәжі жоқ емес. Бұл тақырып - сарапшылардың ой-көкпарында.

 

Руслан ЖАНҒАЗЫ, саясаттанушы:

иә

- Саяси партиялардың қаржы көз­де­­рін жә­не шығындарын жария­лауды мін­­деттеу - күн тәртібіндегі мәсе­ле­лер­дің бірі. Жуырда Елбасы Нұр­сұлтан На­­зар­­баев Конституция күніне ар­нал­ған ке­­ңесте Ата Заңымызға толық­ты­рулар ен­­гізілу мүмкіндігін атап өтті. Бұл жа­ңа­лық са­рап­шылар қауымдастығы та­ра­пы­нан үлкен қолдауға ие болады деген се­німдемін, өйткені көптен бері күткен сая­си реформаларды жү­зе­ге асырудың ре­ті келіп отыр. Демо­кра­тиялық мо­дер­ни­зация шеңберінде - пар­тиялардың саяси жүйедегі рөлін арт­тыру; сайлау те­тіктерін одан әрі жетілдіру және би­ліктегі тепе-теңдікті сақтай отырып, пар­ламенттің дәрежесін арт­тыру секілді мә­селелер өзекті болып тұр. Жалпы, ха­лықаралық тәжірибеге көз жү­гірт­сек, сая­си партиялардың қаржы көздерін ке­­лесі тәртіпте жіктеуге болады:

- партияға өту кезінде төленетін және мүше болу жарналары;

- институционалдық қайырымдылық шаралардан түскен қаржы;

- партияның кәсіпкерлік әрекетінен түскен қаржы;

- мемлекеттің қаржыландыруы;

- жеке қаржыландыру.

Солардың алғашқы екеуі қысқарты­лып, төменде келтірілген үшеуі соңғы кез­дері ұлғаюда. Бұл - әлемдік үрдіс.

Әрине, Қазақстан Республикасы­ның заңнамасына сәйкес, саяси партиялар кәсіпкерлікпен айналыса алмайды. Алайда сайлау нәтиже­ле­рі негізінде Парламент Мәжілі­сі­не өткен саяси партиялар мемле­к­ет тарапынан қар­жы­лан­дыры­лады. 

Осылайша, саяси пар­тия­лардың қаржы көздері  өтпелі кезеңдегі олардың тұ­рақ­ты­лығын қамтамасыз етеді. Қа­зақстан халқы не­месе элек­торат саяси ке­ңіс­тікте өзін партия есе­бін­де іс-әрекет етіп жүрген сая­си күштер­дің қаржы көздерін білуі тиіс деп ойлаймын. Себебі әрбір сая­си партияның артында нақты қаржы-өн­дірістік топтар тұрғаны баршамызға аян. Елде қабылданып жат­қан саяси шешім­дер­дің қисынын түсінуіміз қажет. Неліктен кейбір партиялардың қолында медиа холдингілер шоғырланған, ал қалған партиялар өзіне тұрақты жұмыс істейтін ақпарат құралдарын аша алмай жүр? Осы секілді мәселелерді реттеп, барлығына ортақ және бірдей саяси мүмкіндіктер беру - бүгінгі күннің міндеті. Осыған орай саяси партиялардың қаржы көздерін жариялауды міндеттеуіміз қажет деп санаймын.

 

Мақсат ЖАҚАУОВ, саясаттанушы:

жоқ

- Саяси институттарымызды дамы­туда ар­найы заңнамалар қабылдап, қол­дау көрсетуді жол­ға қойып жатқан мем­ле­кетпіз. Соның ішін­де саяси пар­­тия­ларымыз ешқан­дай ком­мер­ция­лық мүддені көздемейді, яғни ком­мер­ция­­лық емес ұйым ретінде өзі­нің құқық­тық мәр­тебесі бар. Саяси пар­тияның мүше­ле­рі бе­кіткен жарғы бойынша жар­надан түскен қа­ражатпен өз бюджеттік қорын толықтыруға құ­қылы. Алпауыт елдер­де­гідей ірі партия­лар­дың кіріс-шы­ғысын жа­рия­лауды талап ету мә­се­лесі - белгілі бір сая­си мақсаттан туын­даған амал-әрекет. Егер де саяси алаңда пар­­тиялар би­лікке той­тарыс бере алатындай дең­гейі өсіп ба­ра жат­са, көп жағдайда олардың қаржы көз­дерін із­дей бастайды. Пар­тиялар халықаралық сырт­­қы ұйым­дардың қаржысымен жұмыс істеуі әбден мүмкін. 

Саяси партияның қаржы көздері мен шығысын жариялауды талап ету, бір жағынан, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау мүддесінен туындағанымен, шын мә­нінде, бұдан олардың әлсіз тұста­рын іздестіру мақсаты көрінеді. Кез кел­ген партияның бюджеті мүше­ле­рі­нің жарнасынан құралып, жа­­сақта­­латындықтан оны жа­­­­рия­­­ла­­мау­ға да құқы бар деу­ге болады. Партияның өмір сүруі­нің өзі де жариялықпен бай­ланысты. Жариялықпен өмір сүретін партиялардың өз мүшелерінің мүдделерін біл­діріп, ашық түрде қо­ғам­мен қайнасып, саяси өмірге араласатындықтан, ол қадағалауды қажет етпей­ді. Өйткені  демократиялық прин­цип­терді жоққа шығарған сияқты болып шығады.  Партия - үкіметтен құрыла­тын мекеме емес, арнайы құзыретті орган емес. Партия өз табиғатына сай демок­ра­тиялық принциптер негізінде жұмыс істеуі керек. Сондықтан партияның қызметін қаржылық қадағалау қажеттілігі туындап тұрған жоқ. Керек десеңіз, біздегі партия­лар­ды алатын болсақ, олардың бюджеті жа­риялайтындай қауқарда да емес. Сай­лаудан сайлауға дейін «шықпа, жаным, шық­памен» өмір сүретіндіктен өздерінің аймақтардағы филиалдарын, кеңселерін ұстап тұруға да қиналып жатады. Онсыз да жағдайы жетіспей жатса, олардан мұны талап ету қаншалықты дұрыс? Заң бойын­ша Парламентке өткен үш партияға мемле­кет тарапынан қаражат беріледі, ал қалған партиялардың қоғамға саяси ықпалы бәсең болып жатса, оларға қандай талап қоясыз? Бұл дегеніміз бюрократиялық жол­мен тоқпақтау болып шықпай ма? Сон­дықтан бұл мәселені азаматтық қоғамды дамыту үшін ойлап тапқан керемет дүние деп айтуға болмайды. Қаржылық қауқар­сыз, қалтасы тесік партияны тексеру ақыл­ға қонымсыз болмақ.

Бейтарап пікір

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ, Қазақстан халықтық коммунистік партиясының Алматы  филиалының хатшысы:

- Саяси партия өз ой-пікірін ашық айтатын қоғамдық ұйым болуы керек. Ресейде партияларға қаржы көзі мен шығындарын жариялау мәселесінің көтеріліп отырған себебі АҚШ-тың көптеген ұйымының Ресейдегі 30 пайыз үкіметтік емес ұйымдарды қаржыландырып отыр деген әңгімеден туындаған. Сол себепті Ресей үшін партиялардың қаржы көздерін тексеру - ұтымды ұстаным. Ал Қазақстанда бұл мәселені іске асыру мүмкін емес. Себебі бас партиядан бастап, басқа партиялар ашық болатын болса, КХКП әрқашан да ашық болуға дайын! Партияның жариялығы - халық үшін жетістік. Өйткені әрбір адам жарнаға берген 30 теңгесі мен 30 мың теңгесінің қайда кеткенін білуі керек. Жарналық қызмет КСРО-ның Коммунистік партиясынан кейін  жолға қойылмай келеді, себебі халықтың жарнаға деген құлшынысы да төмен. Партияның қаражаты деген айтуға да келмейтін болмашы ғана, сондықтан бұны міндеттеу Қазақстанға әлі ерте.

Автор: Құбаш САҒИДОЛЛАҰЛЫ

"Алаш айнасы" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5351