Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3555 0 пікір 5 Қыркүйек, 2012 сағат 09:03

Тағы да Ермак туралы

Жақында Ресейде шығатын жаңа автокөлiкке "Ермак" деген атау берiледi деген сөз шығып, бұған наразылық бiлдiрген Түркi халықтарының әлемдiк ассамблеясы Путинге арнайы хат жолдағанынан хабардармыз. "Ермак нағыз қанышер қарақшы, егер Германия "Гитлер" деп аталатын машина шығарса, қалай қабылдар едiңiз?" - делiнген аталмыш хатта.

Жақында Ресейде шығатын жаңа автокөлiкке "Ермак" деген атау берiледi деген сөз шығып, бұған наразылық бiлдiрген Түркi халықтарының әлемдiк ассамблеясы Путинге арнайы хат жолдағанынан хабардармыз. "Ермак нағыз қанышер қарақшы, егер Германия "Гитлер" деп аталатын машина шығарса, қалай қабылдар едiңiз?" - делiнген аталмыш хатта.

Дегенмен, Семей мен Өскемендегi казактар қауымдас­тығы, мiне, он шақты жылдың жүзi болды, қандықол қарақшы, Сiбiрдi жаулап алушы атаман Ермакты еске алу күнiн өткiзiп келедi. Жалпы, Қазақстандағы казактар қауымдастығына еш қатысы болмаса да, бұлар бүгiнде Ермакты өздерi үшiн бас бiрiктiру және мақтаныш символына айналдырып алған. Ал шындығында, бүгiнгi казакпыз деп жүргендерге атаман Ермактың еш "жақындығы" жоқ. Сөзiмiз дәлелдi болу үшiн, әуелi "казак" пен "қазақ" этно­нимдерiнiң бiр-бiрiне қаншалықты қатысы бар екенiне тоқталайық. Академик Әлкей Марғұлан: "Қа­зақтың ерте кезде қазақ болуының тағы бiр куәлiгi ХII-ХV ғасырларда "қазақ шығып кету", "қазақ болу" деген ұғым болған. Жергi­лiктi билiктен қуғын көрген тегiн­дер, сұлтандар, билер ордадан қырға қашып, "қазақ болып" жү­ретiн. Ең ерте кезде (IХ-Х ғ.) ордадан қашып шыққан Алаша хан - сондай сұлтанның бiрi. Сондық­тан "қазақ болып", "қырда еркiн жүретiн" сахараны Ш.Уәлиханов "тыным алатын орын" деп атаған", - дейдi. Әлекең сондай-ақ, кезiн­де Сарай қаласынан кеткен Едiге бидi, Ақсақ Темiрден жеңiлген Тоқтамыстың бiраз уақыт "қазақ болып" жүргенiн айтады. Оқырмандар хабардар болуға тиiстi, өткен жылдың аяғында бiраз ғалымдар орыс тiлiнде қазақтарды - "казактар", Қазақстанды - "Казакстан" деп жазу туралы мәселе көтерген. Мұнда да негiз жоқ емес. Кеңес өкiметi орнағанша, казактар өздерiн ешқашанда орыспыз деп атамаған... "Слово «казак» тюркского происхождения и означает «вольный человек», «удалец». Несомненно, первыми казаками были выходцы из степных орд, объединявшиеся в отряды, подчинявшиеся собственным вожакам, выдвинувшимся за счет своих военных талантов и храбрости. Во время больших походов ордынских ханов казаки присоединялись к их армиям, в мирное время промышляя разбоем и угоном скота. Со временем в ряды казаков начинают вливаться русские удальцы, так называемые «заполяне», уходившие на степные («запольные») реки «в молодечество». Они перенимали образ жизни «ордынских» казаков, их хозяйственные занятия, а главное - способы ведения степной войны", - дейдi зерттеушiлер. Мұндағы "ордынские казаки" делiнiп отырғандар түркi тайпаларынан кетiп қалып, "қазақ боп" жүргендер. Осылай Мәскеу княздiгiнен, орыс елiнiң басқа да өңiрлерiнен қашып шыққандар осы "қазақ болғандарға" келiп қосылып, қазақ болып жүредi. Бұлардан басқа бүгiнгi Украина жерiнен, Днепр бойынан шығысқа қарай, Дон мен Азов жағына бас сауғалап кеткен­дердi "запорожьелiктер" деп атаған. Яғни, "ушли за порог" - босағаның ар жағына кеттi деген сөз. Бұлар да Дон бойындағы "қазақ боп" жүргендерге қосылады. Осылардың барлығы өздерiн бiр ғана атаумен "қазақтармыз" деп атаған. Орыс тарихшысы С.Соловьев ХVI ғасырда Дон казактарының белгiлi атамандарының бiрi Сары-Азман (Сары Азбан) деген түркiлiк болғанын айтады. Бұлардың барлығы ортақ бiр-ақ тiлде, түркi (қазақ) тiлiнде сөйлеген. Белгiлi ғалым, саяхатшы, этнограф Г.Н.Потаниннiң "Сибирские казаки" атты еңбегiндегi мына бiр сөздерiне назар аударайықшы: "...почти все население (казачье) говорит киргизским языком. Для многих - это колыбельный язык, потому что няньками и стряпками здесь бывают киргизки. Киргизский язык можно услышать повсюду: в тихой беседе, которую ведут между собой казаки, сидящие на заворинке, в разговоре ямщиков хлопочущих на станций около экипажа проезжающего чиновника. Иногда даже в суде...» Потанинның жазып отыр­ғаны бертiнгi уақыт, ХIХ ға­сырдың ортасы. Ол кезде Сi­бiр мен Қазақстанның сол­түс­тiк аймақтарында бекiнiс­тер салынып, орыс билiгi орнай бастаған. Бiрақ, осыған қарамастан казактар сол уа­қытқа дейiн қазақша сөйлеп келген екен. Тағы бiр айта кететiн жайт, 1822 жылы Сiбiр генерал-губернаторы М.Сперан­ский­дiң "Сiбiр қырғыздары туралы жарғысы" шығып, қазақ даласында хандар билiгi жойылғанын бiле­мiз. Осыдан кейiн Омбы облысы құрылып, 1825 жылы оның жаңа гербi бекiтiледi. Таңғаларлығы, аталмыш гербте орыс жауынгерi емес, атпен шауып бара жатқан дала қазағы бейнеленген. Орыс жылнамаларында ол туралы былай деп жазылады: "..император Александр I утвердил герб Омской области - в красном поле щита скачущий на серебряном коне золотой всадник в азиатской одежде". Бұл жоғарыдағы Потанин дерегiн растап тұр. "Қазақ шығып кету" түсiнi­гi сонау Алтын Ордадан арғы кезеңде пайда болыпты. Ал орыс, украин, литван жерiнен далаға қарай "қазақ болып" қашу одан көп кейiн, ХV ғасырдың аяғы мен ХVI ғасырдың басынан басталған екен. Осылар хан-сұлтандардың билiгiне мойынсұнғысы келмей, еркiн өмiр сүрiп, "қазақ" болып жүр­ген далалықтарға келiп қосылып, қазақ болып кеттi дедiк. Және бұлардың ортақ атауы "казак" емес, түркi тiлiнiң ың­ғайына қарай "қ" әрпiнен басталып, "қазақ" болғаны дау тудырмайды. Ал "казак" деген сөз "қазақтың" бертiн ғана өзгерiп, славяндалған нұсқасы секiлдi. Казактар сондай-ақ, бұрын өздерiнiң қоныс тепкен орнын "кош" деп атаған. Бұл қазақтың "көш" сөзiнен шыққаны белгiлi. Өздерiнiң тұрақтарын украинша "хутор" демей немесе орысша "деревня" деп атамай, "стан" деген. Бұл да - қазақтың сөзi. Оның үстiне төбесiне айдар қою (тұлым, оселедец, хохол) түркiлер мен казактарда, сосын украиндарда ғана бар. Осының барлығы тек казактардың ғана емес, украиндардың да арғы түбiнде түркiлiктермен мықты байланысы бар екенiнiң айғағы (Бұл жөнiнде М.Аджи, Ш.Қуанғанов, Ж.Байжумин және т.б. жазып жүр). ХVIII ғасырдың 16-жылдарынан бастап Омбыдан Ертiс бойлап қазақ жерiне қарай Сiбiр линиясының бекiнiс-редуттары салына бастады. Бұл кезде казактар өздерiн не орысқа, не қазаққа жатқызбайтын жеке сословие болып қалыптас­қан едi. Бұлар сол баяғы "қазақ шығып" кеткен түркiлер мен славяндардың, украиндардың және т.б. топтардың ұр­пақ­тары болатын. Аталмыш әскери бекiнiстердi қорғауға әскери күш ретiнде осы жергi­лiктi казактар тартыла бастады. Бұлардың, шын мәнiнде, орыстануы да осы кезеңде басталған се­кiлдi. Қазақ даласы Ресей империясына бiржола бағынышты болғаннан соң, ол жақтан қоныс аударушылар қатары тiптi көбейгенiн бiлемiз. Әсiресе, 1868 жылғы "жаңа мизамнан" соң, одан кейiн ХХ ғасырдың басындағы Столыпин реформасынан кейiн тiптi қаптады. Бiр қызығы, осы қоныс аударушылардың барлығы бұрынғы казактарға еш қатысы болмаса да, өздерiн "казактармыз" деп атаған. Бұларды жергiлiктi қазақтар "переселендер", "қара­шек­пендiлер" деген. Ресей отаршылары осы "қарашекпендiлер­ге" қазақтардың талай ғасырлардан берi жайлап келе жатқан шұрайлы жерлерiн күштеп тартып әперiп отырған. Қазақ байғұс ата қонысын жайдан-жай берiп қоя ма? Ол да өзiнше қарсылық көрсетiп, келiмсектiң жерiне малын жайып, шөбiн өртеп, қолдан келген қарсылығын жасап бағады. Осыдан сескенген қоныс аударушы шағым жасап бекiнiс бастығына барады, әскери көмек сұрайды. Бекiнiс бастығы мынадай шарт қояды: "Мен әскер берiп көмектесем, бiрақ сен бiр балаңды солдаттыққа бересiң". Келiмсек амалсыз келiседi, баласын солдаттыққа бередi. Бекiнiс бастығы әскер шығарып, қазақтарды қуып тастайды. Манағы солдат боп кеткен бала өлшеулi мерзiмi бiтiп, әскери қызметiн аяқтаған соң патша заңына сәйкес, генерал- губернатордан жер сұрап, "прошение" жазады. Бұл кезде қазақ даласы бiр­жола "мемлекеттiк" болып, патша өкiметiнiң меншiгiне көшкен. Қазақтың тағы да бiр шұрайлы жерi жаңағы солдатқа алынып берiледi. Қазiр солтүстiк өңiр­лер­де қаптап кеткен "Трофимовка", "Ивановка", "Захаровка", "Тимофеевка" т.б. сол за­ман­нан қалған атаулар. Ал бүгiнгi "казактармыз" деп лепi­рiп жүргендер - осы келiм­сек­тердiң ұрпақтары. Бұлардың ата-тектерi де белгiсiз. Себебi келiмсектердiң iшiнде орыстар да, украиндар да, белорустар да, тiптi бессарабтар да болған. Ал шын мәнiндегi казактар - сонау замандарда "қазақ шығып" кеткендер және солардың ұрпақтары. Жоғарыда аталған, Сiбiрдi бағындырушы ретiнде әңгiмеле­нетiн атаман Ермак жайлы да осындай пiкiр айтуға болады. Ол жалпы тарихта болған адам ба, болса қай халықтың өкiлi деген сұрақ тарихшылар арасында талайдан берi таласқа түсiп келедi. Шындығын айтсақ, орыс зерттеушiлерi оның кiм екенi, қай жерден шыққаны жайлы нақ­ты ешқандай дәйек келтiре алмайды. Осыдан кейiн ерiксiз Ермак қиялдан туған тұлға емес пе деген ойға қаласың. Оның әкесi Суздальдан шығып, сосын Муром ормандарында тұрды делi­недi кейбiр деректерде. "...оть одного из нихь Тимофея родился будущiй покоритель ханства Сибирского, названный вь помянутом сказанiй Василиемь по прозванiю Ермакь, что буд-то бы на языке Волжской вольницы означало "артельный котель", ибо сначала Ермакь исправлял должность разбойничьяго кашевара". Яғни, Ермак алғашында қарақшыларда аспаз болған екен. Осындай адамның аяқ астынан атаманға айналып, Сiбiр секiлдi үлкен бiр аймақты жаулап алуы күдiк тудырады. Ермактың Сiбiрдi "жаулап алуына" сенiмсiздiк тудыратын тағы бiр дәлел, оның Сiбiр жерiне жаяу-жалпы 800 адаммен келуi. "...при переходе за Ураль, повидимому, не превышало 800 человекь, вь числе которыхь до 500 человекь были волжскiе пришельцы, а 300 человекь Строгановскiе служилые; разныхь наименованiй казаки , беглые литовцы, пленные немцы и прочiй призывной или приборный сбродь. Нечего говорить о томь, что какь самь Ермакь, такь и все его сподвиж­ни­ки были пешiе, а не конные" - дейдi. Көрiп отырсыздар, ұзақ жолдан арып-ашып келген 800 жаяу адам Көшiмнiң аттылы-жаяуы аралас 4-5 мың қарулы қолын жеңiп, Сiбiрдi жаулап алды дегенге сену тiптi қиын. Байқасаңыз, сiбiрлiктер соғыспай, өздерi берiле салған сияқты. Өздерiңiзге белгiлi, қазақ арасында Ермакты Сәтбек батыр өлтiрдi деген аңыз әңгiме сақталған. Және осы оқиғаға арналған "Сәтбек батыр" дастанының бiрнеше нұсқасы бар екенiн де бiлемiз. Ал орыс тарихшылары Ермак өлiмiн басқаша жазады. "...Сонымен 1585 жылдың 6 тамызында жаңбырлы түнде татарлар оларды қоршап алып, түгел қырады. Құтылып кеткен Ермак стругтан (қайықтан) Вагай өзенiне суға секiредi, бiрақ ауыр сауыт оны су түбiне тартып әкетедi" - дейдi. Қазiр кейбiр ғалымдардың (оның iшiнде ресейлiктер де бар) Ермак ешқандай орыс емес, Көшiмнiң өз туыстарының бiрi болуы мүмкiн деуiнде де негiз жоқ емес. Расында да Ермак кiм? Оның шыққан тегi мен ер­лiкке баланып жүрген iс-әрекетi күдiк тудыратынын айттық. Оның Қазақстанда сонша дә­рiптелуi бүгiнгi қоғамның моралдық кейпiне нұқсан келтiр­мей ме? Бұны әзiрше ескерiп жатқан ешкiм жоқ.

Сайлау БАЙБОСЫН

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354