Бейсенбі, 17 Сәуір 2025
2653 0 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 09:40

Сағынтаевқа жасалған шабуыл, қаза тапқан журналист

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевқа шабуыл жасалды. Бұл мәліметті оның орынбасары Ержан Бабақұмаров растады.

Әкім орынбасарының айтуынша, оқиға 6-қаңтарда болған. Бұл кезде Сағынтаев шұғыл әрекет ету штабынан шығып, әкімдікке бара жатқан. Еске салайық, дәл осы күні шаһарда жаппай тәртіпсіздіктер мен қарақшылық қызған еді. Сол күні Бақытжан Сағынтаев отырған автокөлік Назарбаев көшесімен солтүстік бағытта жүріп бара жатқан. Жүргізуші солға қарай, Сәтбаев көшесіне жетпей, әкімдік ғимаратына бұрыла бергенде автоматтан оқ атылған.

Алматы әкімі отырған көлік оқиға орнынан сытылып үлгерген. Сағынтаев жарақат алмағаны белгілі болды.

Алайда, "Алматы" телеарнасының жүргізушісіне оқ тиіп, қаза болған. Оның автокөлігі әкімнің көлігінің соңынан жүріп келе жатқаны белгілі болды. Әкімдіктің тағы екі қызметкері жарақат алған: спорт басқармасының басшысы Рустам Байсейітов пен дін істері басқармасының басшысы Нұрлан Кикимов. Оларға операция жасалған, қазіргі уақытта жағдайы тұрақты.

Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік пен тонау, бүлік және содырлық салдарынан ондаған адам қаза тапты. Бүгін елімізде соған байланысты Аза тұту күні жарияланды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1958
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4793
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3960