Сенбі, 23 Қараша 2024
2546 0 пікір 10 Қаңтар, 2022 сағат 12:02

Ерлан Қарин: Полиция шабуылға бес сағат тойтарыс берген

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин "Хабар 24" мемлекеттік телеарнасына берген сұқбатында елімізде болған оиғаларға қатысты пікір білдірді.

"Енді осы орын алған оқиғаларға сипаттама бере отыралық. Мұны тәртіпсіздіктер деп атауға болмайды, әдетте айтып жүргеніміздей, яғни азаматтық күштердің құқық қорғау күштерімен қақтығысуы немесе талқандау мен отқа оранған көшелерді көрген кездегідей тәртіпсіздіктер емес. Бұл арада мемлекеттік мекемелер басып алынды, құқық қорғау органдарының ғимараттарына шабуылдар жасалды. Алматыға қатысты алты шабуыл туралы айтылды, бірақ ол полиция департаментінің бір ғана ғимаратына қатысты еді. Менің ойымша, бір тәулік ішінде. Кейін әріптестеріммен сөйлесіп, Алматы ПД-ның шабуылға сағат 00:00-ден 05:00-ге дейін тойтарыс беріп, қорғанысты ұстап тұрғанын білдім. Енді көз алдыңызға елестетіп көріңізші, бірнеше сағат бойы ПД-ны алу үшін лаңкестер шабуылдағанда қанша қару мен оқ-дәріге ие болғанын", - дейді Ерлан Қарин.

Ол шабулдарға қатысты былай дейді: "Мен 20 жыл бойы терроризм мәселесімен айналысып келемін, бірақ бірнеше топтың осылайша ғимараттарды, мекемелерді мақсатты түрде басып алуға тырысып, қалаларға шабуыл жасағаны есіме түсер емес. Бұл - тек арнайы қызметтер үшін ғана емес, сарапшылар мен мамандар үшін де қиындық тудыратын жаңа құбылыс. Біз жаңа кезеңге аяқ басқанымызды түсінуіміз керек, мұндай уақытта кез-келген басқа елге қарсы осындай масқара сценарий басталып кетуі бек мүмкін, оның басты мақсаты, меніңше, мемлекеттің тұтастығын бұзу... Тек бір қаланы қорғау мәселесі тұрған жоқ, бірнеше аймақта шабуылдар болып жатты. "Біз мемлекеттімізді сақтай аламыз ба" деген алдымызда сұрақ тұрды".

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354