Сенбі, 23 Қараша 2024
Алаң 2819 2 пікір 11 Қаңтар, 2022 сағат 11:26

ҰҚШҰ әскері: сұрақ көп, жауап ше?

Еліміздегі жағдайды тұрақтандыру мақсатында президент Қасым Жомарт Тоқаев ҰҚШҰ ұйымына жүгініп, көмек беруін сұраған болатын. Президент өтінішін биыл ҰҚШҰ төрағалық ететін Армения премьері Никол Пашинян қарастырып, әскер жіберу туралы өтінішті ұйымға мүше ел басшыларымен талқылады. Ұйым мүшелері Қазақстанға шекті уақытқа бітімгерлік күштерін кіргізу туралы шешім қабылдады.

ҰҚШҰ ұйымына Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь, Армения және Тәжікстан елдері мүше. Ұйымның басты мақсаты аталмыш елдерге сыртқы агрессия болған жағдайда бірлесе тойтарыс беру. Сондықтан, президент Қасым-Жомарт Тоқаев әскер кіргізу өтінішінде Қазақстанға бандалық құрылымдар мен террорлық топтар тарапынан агрессия болғанын баса атап өтті.

ҰҚШҰ ұйымының Қазақстанға кіргізілуіне Батыс тарапы алаңдаушылық білдіруде. Әсіресе АҚШ. АҚШ-тың Мемхатшысы Энтони Блинкен: «Қазақстанға ҰҚШҰ ұйымын кіргізуге қандай қажеттілік болды», - деп сұрақ қойып, Қазақстан тарапынан жауап күтетінін атап өтті. Бұған дейін Блинкен: «Ресей КСРО-ны қалпына келтіру әрекеттерін жасауы мүмкін», - деген болатын. Ол сонымен қатар: «Орыстардың бір кірген жерінен шықпайтын жаман әдеті бар», - деп те мәлімдеме жасады.

Қазақстан Батыстың бұл сұрақтарына нақты жауап берді. «ҰҚШҰ шектеулі уақытқа ғана келді және жағдай тұрақталған соң кері шығарылады. Ол бойынша БҰҰ-ға арнайы ақпарат берілген», - деді Қазақстан тарапы.

10 қаңтарда Қазақстанның ұсынысы бойынша ҰҚШҰ-ның жедел отырысы өтті. Оған ұйымға мүше ел басшылары қатысып, Қазақстандағы жағдайды талқылады. Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға террорлық агрессия болғанын, содырлардың сақалдарын қырып, киімдерін ауыстырып, жасырыну әрекеттерін жасап жатқанын, олардың басты мақсаты Алматыны басып алып, артынша ел астанасына шабуыл жасауға тырысқанын, лаңкестер мәйіттерді жасыру үшін түрлі әрекеттерге барып, ізін суытпақ болғанын баса айтты. Халықаралық қауымдастыққа қажет болса террорлық әрекет болғанын нақты дәлелдейтін дәлелдерді көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

Қазақстанңа 2030 ҰҚШҰ сарбазы мен 250 әскери техникасы кіргізілді. Олар елдегі түрлі нысандарды күзету үстінде. ҰҚШҰ әскері алдағы бірнеше апта ішінде шығарылуы мүмкін.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5353