Бейсенбі, 10 Қыркүйек 2026
3199 1 пікір 12 Қаңтар, 2022 сағат 13:34

Бизнеске келтірілген шығын - 103 млрд теңге

Қазақстандағы тәртіпсіздіктерден бизнеске келтірілген шығынның жалпы сомасы 103,7 млрд теңгені құрады. Бұл туралы "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.

Мәлім болғандай, call-орталыққа барлығы 4833 қоңырау түсті, оның ішінде 1988-і тонау мәселесі бойынша.

"Келтірілген шығынның жалпы сомасы, шамамен алғанда, 103,7 млрд теңгеден астам (Алматыда – 102,2 млрд теңге)", - делінген хабарламада.

Еліміздің 11 өңірінде 1885 нысанда орналасқан 1615 зардап шеккен кәсіпкерлік субъектісі анықталды, оның ішінде Алматы қаласында – 1771 нысанда орналасқан 1506 субъект.

"Зардап шеккен кәсіпкерлік субъектілерінің салалары: сауда – 1482; қоғамдық тамақтандыру – 44; қаржы секторы – 61; логистика – 23; БАҚ – 5", – деп қосты «Атамекен» Ұлттық палатасы.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1060
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2608
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 740
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 703