Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
3573 4 пікір 13 Қаңтар, 2022 сағат 14:08

Қаза болған әскерилерге ескерткіш орнатылады

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Қарулы Күштердің офицері Сәндібек Хаировпен қоштасу рәсімінде қаза тапқан әскери және полиция қызметкерлеріне Алматыда ескерткіш орнатылатынын айтты.

Естеріңізге сала кетейік, 35-ші гвардиялық десанттық-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары подполковник Сәндібек Хаиров әкімдік ғимаратын қорғау кезінде қаза тапты. Ол әскери қызметшілерді шабуылданған ғимараттан шығарып үлгірді, бірақ өзі үлгірмеген.

Сағынтаев марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты.

"Республика алаңында орнатылатын мемориалда қаза тапқан әскери қызметшілерді, құқық қорғау органдарының қызметкерлері туралы естелік мәңгі сақталады. Бұл біздің елімізді террористерден қорғап, бейбітшілікті сақтап, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткендерді есте қалдыру үшін ұрпақтарға арналады", - деді Сағынтаев.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 874
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2281
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 586
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 565