Жұма, 4 Қыркүйек 2026
3444 0 пікір 17 Қаңтар, 2022 сағат 16:28

Ресейден 1,5 мың белсенді мен журналист көшіп кетті

Ресейде былтыр 1,5 мыңнан астам белсенді мен журналист саяси, қылмыстық қудалаудан соң көшіп кетті. Бұл туралы Znak.com басылымы Free Russia Foundation ұйымының менеджері Антон Михальчук дерегіне сүйеніп хабарлады.

Ұйым бұл тізімде "саяси" эмигранттарды ғана есептеген. Олардың отбасы мүшелері мен Ресейде тұрғысы келмегендерді қосар болсақ, елден көшіп кеткендер әлдеқайда көп екенін байқауға болады.

Михальчуктың айтуынша, олардың дені Грузияға, Литва мен Украинаға қоныс аударған. Шығыс Еуропаның басқа да елдеріне, сонымен бірге Франция мен АҚШ-қа кеткендер де жетерлік.

Free Russia Foundation дерегінше, саяси эмиграция толқыны 2021 жылғы көктемде басталды. Сол кезде полиция Алексей Навальныйды қолдау акцияларына қатысқандарды қудалады.

"Такие дела" басылымының 2021 жылғы қазанда жариялаған зерттеуіне қарағанда, Ресейде соңғы жиырма жылда басқа елдерге 4-5 миллион адам көшіп кеткен. Жыл сайын 300 мыңға жуық азамат шетелге қоныс аударады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 823
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2185
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 555
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 535