Сенбі, 23 Қараша 2024
Дей салдым-ау 6550 18 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 14:22

Әне-міне әкімдер ауысады...

Үкімет кабинеті қайта жасақталғаннан кейін, ендігі кезек әкімдерге келді. Облыс және республикалық маңызды қалалардың әкімдері әне-міне ауысуы мүмкін. «Кім кетіп, кім қалады» деген сұрақ қазіргі таңда көпшілікке қызық. Саясаттанушы Данияр Әшімбаев әкімдердің ауыс-түйісіне қатысты пікір білдіріпті.

Саясаттанушының ойынша соңғы екі жыл ішінде әкімдердің жұмысына шынайы баға беретін сәт келді. Карантиндік шектеулер мен коронавирусқа қарсы күрес, түрлі мәселелерді дер кезінде шеше алу қабілетіне қарап, әкімдердің қызметін үш деп бағалауға болады.

«Бүгінгі күні кез келген әкімді қызметінен алып тастауға болады және оның не үшін кеткенін көпшілік те іштей сезеді. Оның ішінде экономикалық көрсеткіштер, жемқорлық, халықпен байланыс пен мемлекеттік басқару және басқа да ақсап жатқан салалар жетерлік», - дейді Данияр Әшімбаев.

Саясаттанушы қызметінен сөзсіз кетуге тиіс әкімдердің ішінде Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдері Бақытжан Сағынтаев пен Алтай Көлгіновті және Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовты және Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіхалықованы атаған. Данияр Әшімбаев халықтың әкім Оңдасын Оразалинге де сұрағы жиналып қалғанын айтады. «Ал Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев болса зейнетте, ол өзінің барлық энергиясын тауысқан және қызметтен кетуге тиіс әкімдердің бірі», - дейді.

Елімізде кадрлық тапшылық бар. Көптеген әкімдер үлкен тәжірибемен келсе де, кейде берілген тапсырманы сәтті орындай алмай жатады. Ол шешім қабылдауда және басқаруда анық көрінеді.

Бұған дейін Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаев қызметінен кеткен еді. Ол 30 желтоқсаннан бері денсаулығына байланысты демалыста болған. Ал 14 қаңтарда қызметтен кету туралы өтініш берген. Облыс әкімдігі қазір оның міндетін уақытша қала әкімінің орынбасары Жұмабек Қаражанов атқаратынын айтқан еді.

«Алматы қаласының әкімі қызметінен кетсін» деген петиция да жарияланды. Петицияға ондаған мың адам қол қойған еді. Жалпы Алматы қаласының тұрғындарының арасында қала әкімін қолдайтындар саны аз. Халық «қаңтар оқиғасына» дейін де әкімді қатаң сынға алған болатын. Ал қасіретті «қаңтар оқиағасында» қала әкімі халық алдына шығып, сөйлемеді.

Алматы облысының әкіміне қатысты да желіде наразылық артты. Қанат Бозымбаевтың халықпен кездесуде дөрекі мінез көрсетіп, бейәдеп сөз айтуы ел наразылығын тудыруда.

Abai.kz

18 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413