Бейсенбі, 22 Қазан 2026
Билік 3108 3 пікір 19 Қаңтар, 2022 сағат 15:12

ДСМ: Қақтығыстардан қаза болғандар саны 227 адам

Қазақстандағы ауруханаларда қаңтардағы қақтығыстарда зардап шеккен тағы екі адам көз жұмды, деп хабарлады денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният.

"Медициналық ұйымдарда 177 науқас қайтыс болды", – деді Ғиният 18 қаңтарда.

Бұның алдында денсаулық сақтау министрлігі медициналық мекемелерде қақтығыстар барысында зардап шеккен 175 адам қайтыс болғанын хабарлаған.

Бас прокуратураның 15 қаңтардағы мәліметінше, мәйітханаларға 225 адамның мәйіті түскен.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, "елде террористік шабуыл басталғалы 2739 адам медициналық көмекке жүгінген".

Стационарда 200 адам емделіп жатыр, 14 науқастың жағдайы ауыр, деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.

Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстандағы ең ірі Алматы қаласында наразылық кезінде 149 азамат және құқық қорғау органдарының 11 өкілі көз жұмған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1134
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1574