Сенбі, 23 Қараша 2024
2022 2 пікір 31 Қаңтар, 2022 сағат 14:42

Президент Тоқаев ақпанда Мәскеуге барады

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Хабар" телеканалына берген сұқбатында ақпан айының ортасында Мәскеуге барып, Ресей президентімен маңызды стратегиялық келісімге қол қоятынын жеткізді.  

Сапар туралы басқа мәлімет бермеді.

Ол сонымен бірге Тоқаев Путин ҰҚШҰ әскерін Қазақстанға жіберер алдында қандай да бір шарт қойды ма деген сұраққа “Кейін есептесіп аламыз деген ешқандай келісім болмады”,– деп жауап берді.

Қазақстан президенті ҰҚШҰ әскері елде бір де бір оқ атпады, тек маңызды нысандарды қорғады деді.

Тоқаевтың пікірінше, қаңтардағы тәртіпсіздікті “кәсібилер” ұйымдастырған. Бейбіт митингдер жоспардың бір бөлігі болған. Бірақ ол "кәсібилердің" кім екенін айтпады. Ол тәртіпсіздіктен кейін көбі Алматыдан шығып кеткенін және кейбірі жасырынып қалғанын жеткізді.

Қазақстанда наразылық толқыны 2 қаңтарда басталған. Ол Маңғыстау облысында және Жаңаөзен қаласында сұйытылған газ бағасын арзандатуды талап еткен митингтен басталған. Кейін бұл саяси рең алып, Алматы мен басқа қалаларда жалғасты.

Қасым-Жомарт Тоқаев наразылыққа шыққандарды “халықаралық деңгейде дайындықтан өткен террористер” деп атап, “ескертусіз оқ атуға бұйрық бергенін” айтқан. Алматыға “20 мыңдай террорист келгенін” мәлімдеген. Осыған байланысты Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының әскері Қазақстанға кіріп, жағдай тұрақталғаннан кейін қайта шығып кетті.

Қанды қырғын кезінде 227 адамның өлгені хабарланды. 10 мыңға жуық адам ұсталғаны, 700-ден астамына қылмыстық іс қозғалғаны айтылды.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364