Мұрат Нұртілеу ПӘ басшысы болып тағайындалды
Мұрат Нұртілеу Президент әкімшлігінің басшысы болып тағайындалды. Оған дейін бұл қызметті Ерлан Қошанов иемденген еді. Қошанов бүгін Мәжіліс төрағалығына тағайындалды.
"Мұрат Әбуғалиұлы Нұртілеу Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің басшысы лауазымына тағайындалсын", - делінген хабарламада. Мұрат Нұртілеудің мансап жолы төмендегідей:
1998-2007 жылдары – ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2007-2011 жылдары – ҚР Парламенті Сенаты Аппаратының басшысы;
2011-2014 жылдары. – ҚР Сыртқы істер министрлігінде қызмет атқарды;
2014-2016 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігінде қызмет атқарды;
2016-2019 жылдары – Қазақстан Республикасының Финляндия Республикасындағы және оған қоса Эстония Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарды;
2019-2021 жылдары – ҚР Президентінің көмекшісі;
2021-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының орынбасары;
2022 жылғы 5 қаңтардан бастап – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының бірінші орынбасары.
Abai.kz