Бейсенбі, 3 Қыркүйек 2026
3857 5 пікір 3 Ақпан, 2022 сағат 13:58

Дональд Лу: Батыстың міндеті - Қазақстанға ақыл айту емес

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі көмекшісі Дональд Лу «Батыстың міндеті – Қазақстанға ақыл айту емес, қолдау» деді.

«Батыстың міндеті – ақыл айту емес, Қазақстанды қолдау және елдің өзіне қаңтар айында туындаған адам құқығы мәселесін шешуге мүмкіндік беру және мұндай жағдайды болдырмауы үшін қажетті әлеуметтік, саяси және экономикалық реформаларды әрі қарай жүзеге асыру», – деді Д.Лу.

Мұндай пікірін ол «АҚШ пен Каспий өңірі елдері арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 30 жылдығы» атты вебинарда айтты.

Вебинарға Қазақстан тарапынан президенттің арнаулы өкілі Ержан Қазыхан қатысты.

Бұған дейін еуропарламент қаңтар оқиғасына қатысты қарар қабылдап, оқиғаға халықаралық ашық тергеу жасауға шақырған.

Еуропарламенттің бұл әрекетіне қатысты президент Тоқаев «қаңтар оқиғасына қатысты мәселені Қазақстан ешкімнің араласуынсыз өзі шешеді» деп мәлімдеген.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 508
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 1845
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 468
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 437