Дәурен Сәкенұлы. «Үндемес көпшіліктің көлеңкесінде» қалып қоймайық!
Ақпараттық-технологиялық дәуірдің насихаты дүйім дүниені жаулағалы бері шартарапта ұлы Фрэнсис Фукуяма айтқандай: «Сенім радиусы» сығымдалып келеді. Әлде кесірінен дейміз бе, әлде әлеуетінен дейік пе, әйтеуір еліміздің ақпараттың ағымының әсері жұртшылықты аморфтық күйге түсергендей көрінеді. Анығында, басқа тәсілдерді есепке алмай тұрып, ақпараттық ағынның тасқыны толассыз күшею үстінде.
Елімізде соңғы уақытта орын алған жағымсыз жағдайлар бүкіл Қазақстанды дүр сілкіндіріп қана қоймай, ұлан байтақ атырапты иеленіп отырған елдің ертеңіне күмән келтіргендей көрінді. Әсіресе, әзіргі күні саяси сахнадағы көріністер барша бұқарының көңіл күйіне кірбің бұлт ұялатып, «заманның келбетінен қорқамын» деушілердің қарасы көбеюде. Бұған дәлел келтіре кетсек. Жуырда отандық ақпарат нарығына жол тартқан «Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің зерттеуіне сүйенсек, таяу болашақта орын алуы мүмкін Қазақстанның тұрақты дамуы үшін ықтималдылығы 27 қауіп-қатер іріктеліп жариялаған болатын.
Айтып айтпай не керек, осы көріністердің біразы өз елімізде орын алып жатыр. Бір байқайтынымыз, басқа факторларға қарағанда, саяси элита ішіндегі қарым-қатынастар ықпалы ерекше басымдыққа ие.

Биліктегі әртүрлі топтар қоғамдық санада көбіне «клан» деп аталады. Біз білетін бірнеше кландар билікті құраушылар болып табылатындықтан, олардың өз мүдделерін алға шығарып, ықпалын танытуы мен күшейтуі үшін үлкен қақтығысқа бара алатынын БАҚ-тан көріп, оқып көңілімізге түйіп жүрген жайымыз бар.
Көптеген адам шығынына әкеліп соқтырған аразды арандатулар факторы белгілі бір топтардың пайдасына шешілуі ықтимал. Әлеуметтік қарсылықтардың өсу факторы да лобби топтардың қуыршақ ойынына айналуы әбден мүмкін. Әлемдік саяси сахнаның тарихына үңілер болсақ, үлкен-үлкен кландар, жетекші топтар осындай диверсиялық әдісті қолданып келеді. Н.Макиавеллидің қайырымсыздық саясаттың негізгі болып саналатындығын, «мақсат амалдарды ақтайды» деген қағиданың өз өміршеңдігін жоймай отырғанын осыдан көреміз.
Терроризм мен діни экстремизм факторы қазіргі қоғамның күн тәртібінен түспейтін үлкен мәселеге айналып отыр. Дін атын бүркемелеп жамылған бұл деструктивті топтармен күрес тек құқықтық, құзырлы мемлекеттік органдардың назарында ғана емес, азаматтық қоғамның барлық институттарының жіті бақылауында болуы керек. Кезінде мемлекет тарапынан жіберілген қателіктердің кесірінен қазір осы мәселенің «қаны сорғалап тұр».
Зерттеу нәтижесінде назарға іліккен тұс, ҚР Президентінің билікке ықпал ету мүмкіндігінен айырылып қалу қаупіне алаңдаушылық білдірілді. Елбасының қарсыластары (ел ішіндегі мен сыртта) бұқара арасына және БАҚ көздерін оның денсаулығының жағдайының нашарлағандығы туралы жиі ақпар таратқанмен, Ұлт Көшбасшымыздың денінің саулығы мен амандығын жақсы деп есептейміз. Десек те, бұл фактор тек біздің ел үшін ғана емес, саяси сахнадағы барлық мемлекеттердің бірінші басшыларына да айтылады. Себебі ел билеушілері - қоғам тұрақтылығының кепілі. Қарсыласушы топтар арасындағы шиеленістің өршіп кетпеуіне балта шабатын және тепе-теңдікті ұстайтын да ең алдымен билеуші.
Қазіргі таңда, көз жеткізіп отырғанымыздай, ҚР Президентіне және оның жақын жақтастарына үлкен саяси нұқсан келтіру мақсатында кең ауқымды компромат соғысын қолдану әдісі кең етек алып жатыр. Бұл фактордың орын алуы нәтижесінде республика басшысына және мемлекеттік билік институтына қоғамда тұтастай сенімсіздік қалыптастыратыны айдан анық.
Тағы бір назар аударар тұс, «сарай төңкерісінің» орын алуы. Яғни, жетекші топтардың қысым жасауы арқылы мемлекет басшысын отставкаға кетіру мен басқа да айлаларды қолдану әдісіне күмәнмен қарасақ та, орын алу ықтималдылығы барын да жасырмағанымыз абзал.
Зерттеу агенттігінің зерттеу нәтижесіне қорыта қарайтын болсақ, бұл қатерлердің дамып келе жатқаны мемлекетімізге үлкен қауіп тудыру мүмкіндігін көрсетсе керек.
Жалпы айтқанда, үлкен қатер тудыруы мүмкін ішкі әлеуметтік-саяси факторлар қазіргі өмірімізде көрініс алып жатыр. Жасырмайық, мемлекетіміздің тұрақтылығы және қауіпсіздігі үшін әртүрлі қауіп-қатерлердің пайда болуы мемлекеттік билік пен басқару жүйесіндегі сын көтермес жағдайдың көрсеткіші болып табылады.
Ондай жағымсыз күйге шынайы өмірде түспес үшін қоғамда қордаланған мәселелерді жоюға бағытталған қажетті, кешенді шараларды тиянақты ұйымдастыру арқылы әрбір мемлекеттік органның ашықтығын, транспаренттілігін, тиімділігін арттыруды талап етеді. Сонымен қатар, мемлекеттік аппаратқа қоғамдық бақылау орнатуға мүдделі азаматтық қоғам институттарының рөлін шынайы күшейту - заман талабы. Сол арқылы мемлекет пен қоғам арасында өзара көмек, келісім, конструктивизм, транспаренттілік негізде тұрақты қарым-қатынасын кеңейту қажет. Ал әрбір азамат өз кезегінде «кландық жүйе» деген түсінікті ескіліктің қалдығы деп қабылдағаны жөн.
Тәуелсіз мемлекетіміздің қарыштап дамуына ешбір қазақстандық күмән келтірмесі анық, алайда әрбір жанда алармизм болары хақ. Ең бастысы, ХХ ғасырдың постмодернисттерінің бірі Жан Бодрийярдың еңбегінде айтылғандай «үндемес көпшіліктің көлеңкесінде» қалып қоймайық!
«Абай-ақпарат»