Шәріпхан Қайсар. «Ұрғашы» жар салды: «Инновациялық Қазақстан»
Орыстілділер «Самка» (ұрғашы) атайтын «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы Басқарма төрағасының орынбасары Қ.Бишимбаев мырза «Инновациялық Қазақстан» конкурсының басталғаны туралы жария етті. Аталмыш конкурстың мәні - «Мұнай мен газ», «Энергетика», «Көлік», «Кен ісі» (мұны «ұрғашылықтар» - орысша «Горное делодан» «Тау ісі» деп аударыпты), «Телекоммуникация», «Машина жасау», алты аталым бойынша жаңашыл ұсыныстар жинап, қаржыландыру, ол жобаларды енгізуге жағдай жасау. Бұл ұсыныстар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық, экологиялық көзқарастар тұрғысынан тиімді, пайдалы, жүзеге асырымды болуы қажет екен. Бұған қоса тағы да арнайы аталымдар бар: «Энергиялық тиімділік және ресурсты қору («ұрғашылықтарда» - сақтау)», «Энергияның балама көздері», «Үздік компания - конкурстың белсенді қатысушысы», «Үздік жаңашыл сарапшы».

Қ.Бишимбаевтың айтуынша, бұл конкурсқа дайындалуға жылдың жартысы кетіпті, алты ай бойы ұлттық компаниялардан аталған алты аталым бойынша 143 технологиялық міндет жинаумен алысыпты. Енді қалған 3 айдың ішінде жаңашылдар жоба жасап, оның ақшасын алып, жүзеге асырып үлгеруі тиіс. Бұл қай кербездік? Алты ай бойы конкурсқа дайындалу деген не масқара? Ұлттық компаниялар өздеріндегі технологиялық мәселелерді алты ай бойы анықтайтындай қандай мақұрым болғаны? Кез келген технологиялық үдерістер мәселесі солардың күнделікті жұмыстарында көрініп тұрған жоқ па? Ұлттық қорымыздың «ұрғашылығы» өз алдына, енді кербездігі де көрінді.
Конкурс ашық та мөлдір екен. Олай болса, тіпті, конкурс ұйымдастыру жөнінде «Самұрық-Қазынаға» қарапайым ғана ұсыныс жасағымыз келеді. Жыл басында арнайы конкурс сайтын ашып, сонда ұлттық компаниялардың технологиялық мәселелері түскен бойда инноваторлар өз жобаларын әзірлей берсін, технологиялық міндеттерін әзірлеп үлгермеген компаниялар Н.Назарбаевтың тапсырмасын орындай алмағандар тізіміне кірсін. Болды! Сонда айлап, кеңседе шай ішумен уақыт өткізетіндердің жауап беруіне тура келеді. Әйтпесе, бір конкурсқа алты ай бойы әзірленіп жүретін «ұрғашылықтардың» өздері жауап беруі қажет. Қысқасы, «Самұрық-Қазынаға» жаңашыл идея конкурсын өткізудің өзіне инновациялық жоба керектігі көрініп тұр.
Оның үстіне үлестірме материалдың бәрі орысша. «Бәрі де мүмкін! Іске кіріс!» деудің орнына - «Возможно все! Действуй!» деп орысша бұйырып тұр. Және де бұл конкурсқа тек қазақстандықтар емес, шетелдіктерге де есік ашық екені айтылды. Жарайды, ең болмаса мемлекеттік тілде ұран жазуға да болмағаны ма?! Қазақтілді жаңашылдар тоқалдан туғанның өзінде де, жаңашыл болуы құқығын әлі ешкім айырған жоқ олардан! Ендеше, «Ұрғашы» аталған бас қорымыз кімге қызмет етіп жатқаны?!
«Абай-ақпарат»