Дүйсенбі, 25 Қараша 2024
Жаңалықтар 3436 0 пікір 31 Тамыз, 2012 сағат 08:58

Асылнұр Орынбек. Ұрпаққа қамқорлық - әр азаматтың борышы

Шымкентте «Мектепке жол!» акциясы жалғасуда. Бұл жолғы кезектi шара «Қазығұрт» шағынауданындағы №86 мектепте өттi. Акция аясында 75 балаға қамқорлық көрсетiлдi. «Жақсы iс жасауға асығыңыз!» ұранымен өткiзiп жатқан республикалық шараның  маңызы зор. Мақсаты - әлеуметтiк жағынан аз қамтамасыз етiлген мектеп жасындағы балаларға қолдау көрсету, жаңа оқу жылы қарсаңында оқушыларды мектеп киiмiмен, оқу құралдарымен қамтамасыз ету болып табылады.

Денсаулығы жарамды, 6-7 жасқа толған әрбiр бала бiлiм алуы тиiс. Ата-анасының қамқорлығынан айырылып, қараусыз қалған балалардың жай-күйi мемлекет назарынан тыс қалмайды. Осы мақсатта ұйымдастырылған республикалық акция аясында мыңдаған бала көпшiлiктiң қолдауына ие болуда.

№86 мектепте өткен акцияға қолдау бiлдiргендер де аз болған жоқ. Қаладағы №35 мектеп директорының орынбасары Светлана Дмитрюк өзiмен бiрге акцияға 10 бала алып келгенiн айтады.

- Осындағы бiр баланың «Бозарық» шағынауданындағы үйi өртенiп кеткен екен. Бұдан бөлек отбасында  тағы бес бала бар. Мектеп ұжымы балалардың құжаттарын қайта рәсiмдеуге көмектестi. Қазiр олардың тәрбиесiмен ата-анасы емес, әжесi айналысуда, - дейдi С.Дмитрюк.

Акция аясында «Су ресурстары маркетинг» ЖШС-нiң тарапынан жасалған сыйлықтарға өзге балалармен бiрге Н.Дәрiбаев, Ж.Балажан, А.Чумакин де ие болды. Олардың қуанышында шек жоқ. Жаңа оқу жылында жаңа киiммен, көрнекi оқу құралдарымен баратынына мәз-мейрам.

Сондай-ақ, №24 мектептен де 5 оқушы келдi. Олардың арасында 2-сынып оқушысы Абзал Қапланбек көп балалы отбасынан шыққан. Олар Шымкент қаласына Түлкiбас ауданынан көшiп келiптi. Қазiр екi бөлемелi пәтер жалдап тұрады. Ал, Ауғанстаннан көшiп келген 2-сынып оқушысы Данияр Қазақтың отбасында төрт бала бар. Ата-анасы пәтерде тұрады, жұмыссыз.

№24 мектеп директорының орынбасары Ж.Нысанбаеваның айтуынша, акция аясында балаларға көмек қолын созып, жүрек жылуын сыйлағандар көп. Осындағы қамқорлыққа мұқтаж балалаларға қолдау көрсеткендердiң бiрi - облыстық тiлдердi дамыту басқармасының бастығы Балқия Көмекбаеваның өзi балалардың өлшемiн алып, сыйлық таратыпты. Әлеуметтiк аз қамтамасыз етiлген отбасыдан шыққан балалар ендi жаңа оқу жылына қамсыз қуанышпен баратын болады.

Акцияға атсалысып, қолдау көрсеткендердiң бiрi - жеке кәсiпкер Елена Магамедова.

- Акция туралы ұялы телефоныма келген хабарламадан бiлдiм. Дәл осындай хабарламаны кәсiпкерлiк саласында жүрген әрiптестерiм де қабылдапты. Көмекке зәру балаларға көрсетiлiп жатқан қамқорлық акциясына келiп, балалардың қуанышын көрiп риза болып тұрмын. Олардың жүзiндегi балбұл қуанышты, сыңғыр күлкiнi ешнәрсеге айырбастау мүмкiн емес. Осыдан кейiн, акцияға қатысып, жасаған қамқорлығыма қуанып отырмын, - дейдi ол ризалық сезiммен.

Бұл күнi «Мектепке жол» акциясы аясында балалардың ешқайсысы сыйлықсыз қалмады. Демеушiлер арасында Төтенше жағдайлар жөнiндегi департамент,  «Sabtex» ЖШС-i, «Сбербанк», «Казкоммерцбанк», «БТА банк» өкiлдерi мен жеке кәсiпкер Р.Төлепбергенова бар.

Балаларды қалалық бiлiм бөлiмiнiң бастығы Ж.Тәжиева да құттықтады. Акция соңы балалардың құрметiне орай әсем әуенмен өрiлген мерекелiк концертке жалғасты. Демеушiлерден қомақты сыйлық алған балалар ортаға шығып көңiлдi әуенге билеп жүр.

10 қыркүйекке дейiн жалғасатын «Мектепке жол» акциясы аясында 46 млн.750 мың теңгеге 5175 баланы мектепке дайындау жоспарланған. Ал, қалалық бiлiм мекемелерiнде  әлеуметтiк көмек қажет ететiн 19087 балалар есепте тұрады. Оның iшiнде жетiм, жартылай жетiм, мүгедек, көпбалалы және оралман отбасының балалары бар.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1521
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3300
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5907