Сенбі, 23 Қараша 2024
Әне, көрдің бе? 13144 10 пікір 14 Ақпан, 2022 сағат 15:11

«Қазақстанның офшордағы байлығы қайтарылмайды»

Жуырда ағылшын тілді «codastory.com» сайтында «Қазақстанның байлығы қайтарылмайды» (Kazakhstan’s wealth won’t go home again) атты мақала жарық көрді. Мақала авторы – Оливер Буллоу дейтін азамат.

Оливер Буллоу – жазушы, журналист. Уелсте ер жетіп, Оксфордта білім алған. Біраз жыл Бішкекте тұрып қайтыпты. Ол көбіне-көп бұрынғы КСРО құрамында болған елдердегі қаржылық қылмыстар жайлы жазып жүрген адам. Бүгін Abai.kz оқырмандарының талқысына Оливердің: «Қазақстанның байлығы қайтарылмайды» атты қмақаласын ұсынғанды жөн санадық.

Былтырғы жыл, шынын айтқанда олигархтар үшін жағымды жыл болды (әдеттегідей), бірақ соңында бір үміт пайда болғандай. Ең төменгі әлемдік салық мөлшерлемесі баяу ілгерілеп келеді. Демократиялар клептократиялар тарапынан экзистенциалды қауіпке ұшырағанын мойындап, өмір сүру үшін бірігуі керек екенін түсінетін кез келді деген болжамдар бар. Мен бірнәрсені болжаудан мықтымын деп айта алмаймын. Мен өзіме жаңа жылда «оптимист боламын» деп берген уәдеме берік болуға тырысудамын, сондықтан 2022-де мына екі тенденция сақталады деп ойлаймын.

Владимир Путиннің Украина шекарасына шоқпарын ойнатуы батыстың көңілін аударып отыр. Батыс елдерінің, оның ішінде неміс экспортшыларының мүддесін қорғамайтын Берлиннің жаңа үкіметінің алдында оның (Ресейдің) газбен қорқытуы біршама салмағын жоғалтқандай (Мен бұл туралы баяндап отырғанымда, мені Путиннің «шығыс Еуропа елдерін НАТО құрамына кіруіне кедергі жасау үшін Украинаға басып кіремін», деп қоқаң – лоқы көрсеткені қисынға келмейді. Бұл біреу бронежилет сатып алса, соны атып тастаймын дегенмен тең). Әрине, энергия бағасының өсуі батыс үкіметтерін жарықты сақтап қалу үшін кез-келгенмен келісім жасасуға дайын екенін білдіруі мүмкін. Мен оны қарап отыратын боламын. Әлемдік салық келісімшартының тағдыры АҚШ-тағы сайлауға байланысты. Әрине, біз сияқты АҚШ-тың сыртындағылар Американың екі партиясы да жаһандық қиындықтарға бірлесе жауапкершілік көтергенін қалар едік. Егер республикашылар конгрестің бір палатасын не болмаса екі палатасын өз бақылауына алса, біз Джо Байденнің Ақ үйімен біржола қоштаса аламыз (дегенмен демократар онсыз да қолдан келгенін істеп жатыр).

Қазақстан

Мен Қазақстанда 8 жыл бұрын болдым. Ол кезде қасымда әріптесім радио продюсер әйел болды. Екеуміз қарлы дауылда кішкентай қалаға тап болып, біртүрлі жергілікті әкімнің тінтуінде болдық (кейін оны «құрбақа» деп атап кеттік). Ол біздің қонақ үйдегі бөлмемізді тінтіп шықты. Бөлмеге кірген-шыққанымызды тексеріп, кез-келген уақытта сау етіп кіріп келетін. Не істеп жатқанымызды көруге құштар, ештеңе істемей отырсақ продюсерді шымшып қалуға тырысатын. Бағымызға орай, ауа-райы қалпына келіп біз ол жерден қашып құтылдық. Әрі қарай тұра беруге менің шыдамым жетпес еді. Әрең дегенде ел астанасына жеткен кезде (бұрын Астана, қазір Нұс-Сұлтан деп аталады) шексіз ақшаның біз тоқтаған шеттегі қалашықтың жағдайынан гөрі осынау қаланы толтырған «бекершілікке», оның ішінде Назарбаевтың қолтаңбасына жұмсалғанын көріп есеңгіреп қалдық.

Ұзын сөздің қысқасы, өткенде үкіметке қарсы наразылықты көргенде еш таңғалғаным жоқ.

«Соңғы жылдары әлеуметтік қорғау жүйесінің нашар жұмыс істейтіні анықталды. Бұл мәселе елдің көптеген жастары үшін экономикалық мүмкіндіктердің жоқтығымен күрделене түсті. Елдің екі үлкен қаласы Алматы мен Нұр-Сұлтанның шалғайдағы аудандарына жаппай қоныс аударған ауылдық жерлер мен шағын қалалардан келген этникалық қазақтарға көбірек қатысы бар. Қарқынды дамып келе жатқан қала орталықтарда әл-ауқат деңгейіндегі алшақтық ерекше байқалады», - деді Карнеги қорынан Пол Стронски».

Қазақстан Орталық Азия елдері стандартымен қарағанда жаман емес, бірақ «Қара құрдым (ақша суға сіңгендей жоқ болады)» Түрікменстан, кедейлері көп Тәжікстан мен Қырғызстан, клептократияның үлгісіндей болған Өзбекстан тұрғанда бұл көп нәрсені білдірмейді. Ресми статистикаға сай, мұндағы мүлік теңсіздігі Америкадағыдай: елдің жоғары 10 пайызы үштен екісіне ие болса, қалған төменгі 50 пайызы жиырмадан біріне ие.

Шынайы жағдай бұдан да қиынырақ болуы мүмкін, себебі, өзінің активтерін офшорда ұстап отырғандар, соның ішінде бұрынғы президенттің туыстарының байлығы ресми статистикаға кірмейді. Біз олардың қанша ақшасы бар екенін білмейміз, бірақ олардың шетелде элиталық жылжымайтын мүлік пен сән-салтанаты жарасқан дүниелерге көп ақша жұмсайтынын білеміз. Белсенділер мен зерттеушілер бұл байлықтың есебін қазбалап, Global Witness-тің 2015 жылы нәтижесін шығарды. Олар ірі активтерін жасыру үшін офшор компанияларын пайдаланып, байлығын не үйінде не басқа жерде сақтауға әрекет жасағанын «Панама құжаттары», «Пандора құжаттары» көрсетіп берді. Бірақ жергілікті билік тосын сый жасады - зерттеуді тоқтатып тастады! Әрине, сіз ақшаңызды офшорға біреудің көмегінсіз аудара алмайсыз және бұл жерде көмекшілер желісі Қазақстандық 0,01 пайызға қызмет көрсетті. Оның ішінде жылдар бойы Батыста Қазақстанды қорғап келген, әрі 2011 жылғы наразылық шеруін таратуға кеңес берген Ұлыбританияның бұрынғы Премьер-министрі Тони Блэр де бар.

Бақытымызға орай, Британдық Эксетер университеті ғалымдарының шағын білімді тобы не болып жатқанын әшкереледі, бұл мәселені қоғамдық күн тәртібінде, соның ішінде Ұлыбритания Парламентіне ұсынылған дәлелдер арқылы сақтауға көмектесті. «Орталық Азияны зерттеушілер ақша ізін жасырудың «асқынған түрі» деп атайды. Егер Орталық Азияның саяси беделді адамдары Ұлыбританияда көлемді ақшаны жасыра алса, онда Ұлыбритания әлемнің кез кел-келген елінің ақшасын жасыруға көмектесетін «бизнеске ашық» ел дегенді білдіреді», - деп жазылған бір зерттеу материалында. Әрине, Қазақстандықтар өз көшбасшыларының бірнеше ондаған жылдар бойы елдің ақшасын пайдаланып келгенін біліп отыр. Сейсенбі күні Президент лауазымындағы Назарбаевтың ізбасары елдің жағдайын түзетуді қолға алған сөзінде Қазақстанды дамытуға арналған қор ұйымдастыратынын және оның саяси қадағалаудан ада болатынын айтты. Ол «Елбасының кезінде байып алған адамдар өз үлестерін қосады» ,- деп күтетінін айтты. «Зор байлыққа ие болып, бірақ көлеңкеде қалып отырған адамдардан белсенділік күтемін», - деді президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

Швейцарияда ұсталғаннан кейін, сыбайлас жемқорлық қаражатын Қазақстанға қайтару жағдайлары болды және ақшаның бірінші траншын жұмсаудың көп бөлігін басқарған «БОТА» қоры осындай операциялардың моделі ретінде қаралады. Өкінішке орай екінші «қайтару» көңіл қуантпады. Бұл мемлекеттік институттар қаншалықты жемқорлыққа батса желінген ақшаны қайтару да соншалықшы қиын екенінінің мысалы.

«Ақша «Нұр-Отан» авторитарлық партиясының «Жас Отан» жастар қанаты өкілдері басқаратын ұйымдар мен кампаниялардың үгіт-насихатына кетті. Біз сондай-ақ алаяқтық жағдайларды да анықтадық», - дейді Том Мейн (Эксетер зерттеушілер тобының тамаша бір мүшесі және екі онжылдық бұрын орыс тілін бірге үйренген досым).

Активтерді қайтарудың кез-келген жаңа әрекеті бірінші модельге қарағанда осы екінші модельге, «қайтаруға» көбірек ұқсайды. Қазақстандағы кез-келген сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқан жаңа президенттің адамдары елді жақсарту үшін нақты бір нәрсе жасаудан гөрі ескі Президенттің адамдарынан ақша алуға көбірек бағытталатынын білдіреді. Бұл, әдетте, клептократиядағы мемлекет басшысы өзгерген кезде болады (Ресей, Ангола, Украина және т.б. қараңыз). 18 ай бұрын Лондондағы сот ісін жүргізу кезіндегі болжам бойынша, әрине, бір күндері оффшорларда сақталған активтер тәркіленіп, қайтарылуы мүмкін. Назарбаевтың қыздарының бірі мен оның немересінің активтері алғаш рет Ұлыбританияда «қайдан шыққаны белгісіз байлық ретінде» бұйрық шығарды. Бастапқыда  Ұлыбритания мұндай заңи қорғалмаған байлықты қабылдаудан бас тартқандай болып көрінді, бірақ шындығында Ұлыбританияның қылмыспен күресу ұлттық агентствосының масқара болып жеңілгені  Ұлыбританияның құқық қорғау аппаратының өте нашар екенін көрсетті.

«NCA және Ұлыбританияның басқа да құқық қорғау органдары Апеляциялық сотта жеңіліс тауып әрі «сотқар жігіттерді» қудаласа қаржыны қопара жет кететін ірі заңды шоттан алған қос соққыдан кейін өздерінің көзқарастарын қайта қарауға тура келді. Егер мен бұрын билік еткен отбасының мүшесі болсам, қауіпсіздік үшін активтерімді Дубайға ауыстырар едім. Түрікменстанның БАҚ бостандығы сияқты, Дубайдың «қаржылық ашықтығы» үшін.

Биткоиндағы теңсіздік

Биткоинді жақтаушылар өздеріңіз көріп жүргендей шынымен бұл іске өт ынталы. «Биткоин – бұл еркіндік» дейді олар. Сіз өте жиі еститін аргументтің бірі. Сонымен қоса, биткоин бізді қаржылық тәуелсіздікке апарды, қаржылық операцияларды еркіндікке жеткізеді, әлемді өзгертеді дейді. Оны көп адам пайдалана түссе, әлемге бере пайдасы зор болмақ екен.

Мен адамдар қатты әуестенген нәрселерге күдікпен қараймын, бірақ бәрібір ашық болуға тырысамын. Сондықтан маған бұл туралы жазылған сараптама қызық болды. Сараптама биткоиннің жалпы экономикамен байланысы біз ойлағаннан да әріде екенін көрсетеді. Бұл биткоин жақтаушыларына ұнауы керек.

Жекеменшік сияқты өндіріс те жоғары концентрациялы. Барлық биткоиннің әр жетінші бөлігі 1000 адамға ғана тиесілі.  «Бұл концентрация биткоиннің жүйелік қауіпке әсерін ұлғайтады сонымен қатар қабылдаудан түскен пайданың көп бөлігі қатысушылардың аз тобына тең берілмеуі мүмкін дегенді білдіреді».

Оу, мынаны қараңыз, офшорлық алдау криптовалютада да бар екен.  «Бұл шоғырлану көлемін бағалауға келгенде кемітіп айтылады, өйткені кейбір орындарды бір адам басқаратындығын жоққа шығара алмаймыз». Қазақстанның экономикасы мен биткоиннің байланысы сіз ойлағаннан да тығыз, сондықтан олигархтар екеуін де бақылауында ұстайды. Ең қызығы былтыр Қытай биткоин өндірісіне қатаң шаралар қолданғаннан кейін (криптовалюта электр энергиясын оңды-солды құртқаннан кейін) Қазақстан әлемдегі майнерлер санынан екінші орынға ие. Қазақстан өткен жолы интернетті өшіріп тастаған кезде, барлық мүмкіндік те өшті, биткоин қолданатын адамдарға зардабы тиді. Көбіне биткоин қылмысты қаржыландыру үшін, кірістің ізін жасыру үшін қолданылады деп қабылданады. Бірақ экономиканы зерттеу ұлттық бюросының түсіндіруінше, бұл биткоинді қолданудың негізгі себептері емес.  Оның орнына биткоин биткоинді алыпсатуға негізделген екен (бұл маған бірнеше жыл бұрын жүргізген сауалнаманы еске түсірді: ескі пластик пакетті ескірген пластик пакетті сақтау үшін қолданады).

«Біздің қорытындымыз құны жоғары криптовалюталар заңсыз транзакциялардың сұранысына негізделген деген идеяны растамайды. Оның орнына, олар биткоин транзакцияларының көпшілігі алыпсатарлықпен байланысты деп санайды», - делінген хабарламада.

Ең жаманы не? Аргентина қаншалықты қылмыскерлер мен алыпсатарларға желінсе, валюта да соншалықты энергияны жеп жатыр. Шынымды айтсам, екі жағдай да оңып тұрған жоқ.

Жала жабу туралы жаңалықтар

Өткен жылдың соңында Роман Абрамович  Кэтрин Белтонның «Путиннің адамдары» деген кітабының үстінен сот ісін қозғады және сот кітапқа азғантай ғана өзгерістер енгізгенін естіп қуанып қалдық. Екі тарап нәтижеге қанағаттанғанын айтты.

«Абрамович мырзаның мәлімдемесінде, «Путиннің адамдары» және Кэтрин Белтонға төрт ресейлік олигархтың және ресурсқа бай «Роснефть» мұнай алыбы шабуыл жасаған. Әр әрыз-шағым HarperCollins-ке еш шығын келтірместен шешілді», - дейді Белтонның баспасы.

Абрамовичтің айтуынша, өзінің арыз-шағымының негізгі мақсаты оның атын қаралаған жалған сөздерден арылып, түзетіп, «Челси» футбол клубын сатып алды деген жалған арыздарды жою болған.

Ағылшын тілінен аударған Айжан Темірхан

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475