Сенбі, 23 Қараша 2024
Айқай 2218 5 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 14:06

Украинадан эвакуациялау: СІМ неге үнсіз?

16 ақпан Украинада соғыс басталуы мүмкін деп болжам жасалған күн. Бір күннен кейін Украинада ұрыс қимылдары басталуы мүмкін, ол туралы Ресейдің әскери әрекетіне қарап, Батыстық барлаушылар аталмыш ақпаратты ұсынған болатын. 

Украинадағы шиеленіске байланысты әлем елдері өз дипломатиялық миссияларын эвакуациялап жатыр. Бірі Украинадан кетсе, енді бірі елдің батысына қарай ауысуға шешім қабылдаған. Нақтылап айтқанда басым бөлігі Львовқа өз елшіліктерін ауыстырған.

Қазірдің өзінде Украина жерінен өз азаматтарын кетуге 39 мемлекет үндеу таратты. Израиль мемлекеті өз отандастарын Украина жерінен эвакуациялаудың екі жоспарын жариялады: әуе және құрлық арқылы. Ыңғайы келгенше әуеден эвакуациялап, қалған азаматтарды автобустар арқылы Польшаға шығарып, Польша арқылы әкету жоспарын бекітті.

Халықтың алаңдауына байланысты Зеленский күні кеше үндеу жариялады.

«Бізді үлкен соғыспен қорқытып, кезекті рет басып кіруі мүмкін дейтін датаны белгілеп жатыр. Бұл алғашқы рет емес. Бірақ, біздің мемлекетіміз дәл қазір бұрынғыдан бетер күшті әрі мығым.

Біз бейбітшілікке жақпыз және барлық мәселені тек келіссөздер арқылы шешкіміз келеді. Донбас та, Қырым да Украинаға қайта қосылады. Бұл дипломатиялық жолмен жүзеге асады. Біз біреудікіне қол сұқпаймыз және өзіміздікін де ешкімге бермейміз! Біздің қуатты армиямыз бар! Біздің жігіттерімізде жеткілікті соғыс тәжірибе һәм заманауи қару-жарақ бар. Бұл ендігі осыдан сегіз жыл бұрынғы армиядан әлденеше есе қуатты армия!
16 ақпан шабуылдың басталар күні дейді. Біз бұл күнді Бірлік күні етіп белгілейміз. Тиісті Жарлыққа қол қойылды. Бұл күні біз барлығымыз ұлттық байрағымызды көтеріп, сары-көк лента тағып, күллі әлемге өзіміздің бірлігімізді көрсетеміз!

Біздің бір үлкен мақсатымыз- еуропалық ұмтылысымыз. Біз еркіндікті қалаймыз және сол үшін күресуге даярмыз! Біз барлығымыз бақытты өмір сүргіміз келеді. Ал бақыт әркез күштілердің жанында. Біз ешқашан шегініп көрген жоқпыз және бұл жолы да шегінбек емеспіз.

Украинаны жақсы көрейік. Біз тынышпыз! Біз күштіміз! Біз біргеміз!», - деді Украина басшысы.

Зеленский өз үндеуінде 16 ақпанда «Бірігу күні» деп жариялап, дәл сол күні украин халқын бірлікке шақырды. Сонымен қатар әскерилерді қаржылай демеу көлемі артатынын да айтты.

Міне, осындай соғыс алдындағы сақтық шаралары жасалып жатқан сәтте, Қазақстан үнсіз отыр. СІМ тарапынан нақты бір сақтық бойынша үндеу де жасалмады. Украинаға бару немесе бармау, ол жақта ұрыс басталса қалай әрекет ету керек деген нұсқаулықтар да жоқ. Украинада бизнес, оқу және басқа да мәселелер бойынша бірнеше мың қазақстандықтың бары айтылуда. Қазақстан СІМ Ауғанстан кризисінен сабақ алмаған сыңайлы.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5470