Жексенбі, 20 Сәуір 2025
2298 5 пікір 15 Ақпан, 2022 сағат 16:00

Тоқаев Украина шиеленісін жіті бақылап отыр

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли айтты.

"Әрине, Президент Украина төңірегіндегі жағдайды жіті бақылап отыр. Бұл мәселе Владимир Путинмен өткен кездесуде талқыланды. Мемлекет басшысы келіссөз қорытындысы бойынша "жақсы жанжалдан, жаман болса да бітім артық" екенін айтты. Басқаша айтқанда, ымыраға келу үшін нәтижелі дипломатиялық келіссөздердің жалғасқанын жақтайды. Президенттің айтуынша, еуразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеушілік қағидатын ұстанған жөн, оның үстіне бұл қағидат 2010 жылы қабылданған ЕҚЫҰ-ның Астана декларациясы мәтініне де енгізілген", - деді Берік Уәли.

10-11 ақпанда Қазақстан Президенті Мәскеу мен Қазан қалаларына жұмыс сапарымен барды. Кремльде Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2065
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4937
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4131