Алмахан Мұхаметқалиқызы. Абай мұрагерлері және бүгінгі жастар
Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығында осындай кезекті тарихи әдеби кездесу кеш өтті.
Қазақстан-Ресей университеті, «Абайтану» ғылыми-танымдық орталығында осындай кезекті тарихи әдеби кездесу кеш өтті.
Абай мұрасы, Абай шығармашылығы дегенде ең алдымен ауызға Абай туған өлке мен Абайдың өскен ортасы, заманы, туыстық айналасы түседі. Абайдың шығармашылығы мен өмірбаянының төрт нұсқасын жазып бізге жеткізген, соның негізінде «Абай жолы» роман-эпопеясын жазыған Мұхтар Әуезовтың аталған шығармасы 1924-1950 жылдар аралығында жазылып, 106- 128 дейін тарихи есімдер мен 400-дің үстінде жар атаулары берілген. Оның 153-і тарихи жер атаулары. Соның бірі біз куә болып отырған тарихи ескерткіштің бірі - Кеңгірбай би ескерткіші. Құнанбайдың жастық шағы қалыптасу кезеңі сөз болғанда ең алдымен еске түсетіні Құнанбайдың Кеңгірбай биден бата алуы. Алдына үш келіп Кеңгірбай биден бата алған Құнанбай Би бабасы дүниеден өткенде «Қарызы бар» деп малын шығындап, зират салдырады. Зират күмбезінің қабырғасын 40 жылқының қылы мен, 40 ешкінің майын қосып көтереді. Бұрынғы Семей облысы, Абай ауданының орталығы Қарауылдан 25 шақырым, Жидебайдағы Абай кесенесінен 5-6 шақырым қашықтықта Ши бойындағы биік төбе басында жерленген. Тобықтының атақты биі, әрі елбасы Кеңгірбай Жандосұлының өз өсиеті бойынша 1825 жылы Ши бойындағы Қыдырдың бөктеріне қойылған. Кеңгірбай бабаның басында Абай сан рет болып, аруақты бидің өнегелі өмір жолына салиқалы баға беріп, Байкөкше ақынға «Кеңгірбай би» дастанын жазуға кеңес берген.
Кеңгірбай Жандосұлының мазары 1960 жылдарда жөнге келтіріліп, сыртқы қабаты сыланады. 2009 жылы Кеңгірбай бидің қызынан тараған ұрпағы - Төлепберген әулеті өз қаражаттарына кесенені қайта қалпына келтіріп, Кеңгірбай бабадан қалған құнды жәдігерлер негізінде мұражай үйін, жолаушылар түнеп, ас-су ішетін орын қалыптастырады. Бүгінде Абай ауданына тарту ретінде берілген мұрагерлердің бұл игілікті ісіне Абай жұртшылығы дән ризашылығын білдіруде.
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының негізгі бағытының бірі Абайдың туысқандық айналасы, өсу жолы, бүгінгі ұрпақпен шығармашылық үндестік байланысы. Қазақ мәдениеті мен тарихи ескерткіштерді сақтау, бүгінгі ұрпаққа насихаттау мақсатында Семей өңірі, Ұлылар мекенінде Мемлекеттік Абай қорық мұражайы қарамағында 16 тарихи мемориалдық ескерткіштер бар. Орталықтың бағдарламасы бойынша алдағы уақытта осы 16 ескерткіштің тарихы мен бүгінгі ұрпаққа жеткізген мұрагерлермен кездесу, пікірлесу кештерін өткізу көзделіп отыр. Абайдың заманы мен өсу жолы шығармашылығына қатысты тарихи ескерткіш кесененің бірі - Кеңгірбай би кесенесі. Тарихи ескерткішті қайта қалпына келтіріп, тарту еткен Абайдың бүгінгі мұрагерлері, әйгілі Кеңгірбай Жандосұлы ұрпақтары - Дариға Төлепбергенқызы мен Қабидолла Төлепбергенұлымен Астана қаласының студенттері мен университет студенттері кездесу өткізді. Кездесу-сұхбатқа келушілер Кеңгірбай тарихы мен тарихи ескерткіштің құндылықтарымен жақынырақ танысты.
Мәдени мұра бағдарламасы бойынша Қазақ мәдениетіндегі тарихи ескерткіштердің жәдігерлік тарихымен таныстыру мақстаныда өткен әдеби тарихы мәдени кеште Қабидолла Төлепбергенұлы кеңінен әңгімеледі. Абай заманы мен туытсық айналасын бүгінгі жас ұрпақты қазақ мәдениеті мен тарихи орындармен байланыстыра отырып, ұлттық рұханият пен келер ұрпақтың елін, Отанын, тарихын сүйюге бейімдеу керектігін айтты.
Астана қаласының зиялы қауым өкілдері, оқу орындарының оқытушылар мен Абайтанушы жас ұландар. Абайтанушылар. Абай мүрагерлері - Қабидолла Төлепбергенұлы мен Дариға Төлепбергенқызына ризашылығын білдірді. Қазақстан-Ресей университеті мен инновациялық колледждің студенттері, С.Османқызының шәкірттері қатысып Абай шығармашылығы мен әндерін орындады.
Алмахан Мұхаметқалиқызы,
Қазақстан-Ресей университеті
«Абайтану» ғылыми-танымдық орталығының директоры
«Abai.kz»