Сенбі, 23 Қараша 2024
1723 0 пікір 16 Ақпан, 2022 сағат 16:53

Вакцина кіруге жарамсыз болса, неге салғызды?

Қазақстандықтар шетелден Қазақстанға оралатын кезде вакцина алғанына қарамастан ПТР-сынама тапсыруға міндеттелді. Мәжіліс депутаты Ғани Хамзин бұл ел конституциясын бұзу екенін айтып, бұл қаулыны жоюды ұсынды. Бұл туралы Tengrinews.kzке сілтеме жасап,  хабарлайды. 

Ғани Хамзин Қазақстан Конституциясының 21-бабы 2-тармағында келтірілген "Әркімнің республикадан тыс жерлерге шығуға құқығы бар. Республика азаматтарының республикаға еркін оралуға құқығы бар" деген жолдарды мысалға алды.

"Еліміздің негізгі заңы әрбір азаматтың шетелден Қазақстанға ешбір қиындықсыз оралу құқығына кепілдік береді. Дегенмен, коронавирусқа байланысты кейбір жағдайларда азаматтардың құқығы мен мүддесіне қайшы келетін құқықтың қалыптасуына ықпал етті. Шетелге шығатындар ПТР-сынамасының теріс нәтижесін көрсететін анықтамасыз елге орала алмайды", - деп түсіндірді депутат.

Оның айтуынша, бұл қиындықтар бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысынан кейін пайда болған. Осы қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасына кіретін адамдар мемлекеттік шекараны кесіп өтуге дейін кемінде 72 сағат бұрын COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі көрсетілген ПТР-талдауын тапсыруға міндетті.

"Әуекомпания басшыларына вакцинаның толық курсының бар-жоғына қарамастан анықтаманы ұсынбаған жолаушыларды бортқа жібермеу ұйғарылады. Егер Қазақстан азаматтарының салдырған вакциналары елге кіруге жарамсыз болса, неге салғызды?" - деді Хамзин.

Оның айтуынша, бұл мәселеде адамдар қаржылық қиындықтарға тап болады. Қазақстанда ПТР-сынамасы 7 мың теңге тұрады, ал шет елдерде құны 20-дан 150 долларға дейін. Мысалы, 5 адамнан тұратын отбасы 750 доллар төлеуге мәжбүр болады, ол шамамен 322 мың теңге. Қазақстанда бұған 35 мың теңге шығар еді.

"Егер отбасындағы адамдардың сынақтары теріс болса, онда қиындық аяқталады. Ал оң нәтиже болған жағдайда Қазақстан азаматтары қонақүйде, карантин жағдайында тұруға және тамақтану қызметтерін өз бетінше төлеуге мәжбүр болады. Карантин аяқталғаннан кейін олар Қазақстанға билеттерді қайта алуға немесе пайдаланылмаған билеттер бойынша айыппұл санкцияларын өтеуге мәжбүр болады. Бізге қазақстандық отбасылар қонақүйде осындай "еріксіз" тұру ақысын төлеп, Отанына оралу үшін несие ресімдеуге мәжбүр болған жағдайлар белгілі.

Бірақ мұндай шектеулер Конституцияның тікелей бұзылуы, азаматтардың Отанына кедергісіз оралу құқығының бұзылуы. Мұндағы мәселе қазақстандықтардың қосымша шығыстарында да, бюрократиялық кедергілерде де емес. Іс мемлекеттің өз Конституциясы мен азаматтық құқықтарын құрметтеуде", - деді депутат.

"Ақжол" фракциясының депутаттары азаматтарға шетелге шығу мақсатына қарамастан, тұрғылықты жері бойынша ПТР тапсыра отырып, ПТР-анықтамасынсыз елге кіруге және бас санитария дәрігерінің 2022 жылғы 13 қаңтардағы №3 қаулысын жоюға рұқсат беруді талап етті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5471