Ауыт Мұқибек. Тарихта қалудың тағы бір өлшемі – Көші-қон
Үкімет басшысы С.Н. Ахметов мырзаның назарына!
Мемлекет басқарасың ба, Үкіметке жетекшілік етесің бе, бәрі бір, сол елдің тарихына сенің атың айшықталып жазылады. Тақтан түскен күні алатын бағаң екеу ғана - жақсы не жаман. Басқа атақ жоқ. Орта, орташа, біршама жақсы, қанағаттандырарлық... дегендердің бәрі көңіл жықпас, көйлек жыртпас құрғақ жақаурату. Бұл жерде айтылып отырған жақсы деген өлшем жай сөз емес, ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ дегенді білдіреді. Ал, оны өлшейтін алтын таразы - тізгін ұстаған жылдарыңда ҰЛТЫҢА, ОНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫНА ЕТКЕН АДАЛ ҚЫЗЫМЕТІҢІҢ деңгейі. (http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-koshke-osh-bolmaiyk)
Осы талапқа салып кеп жібергенде, Қазақстан Республикасының Үкіметін табаны күректей алты жыл басқарған Кәрім Мәсімов не бітірді?
Үкімет басшысы С.Н. Ахметов мырзаның назарына!
Мемлекет басқарасың ба, Үкіметке жетекшілік етесің бе, бәрі бір, сол елдің тарихына сенің атың айшықталып жазылады. Тақтан түскен күні алатын бағаң екеу ғана - жақсы не жаман. Басқа атақ жоқ. Орта, орташа, біршама жақсы, қанағаттандырарлық... дегендердің бәрі көңіл жықпас, көйлек жыртпас құрғақ жақаурату. Бұл жерде айтылып отырған жақсы деген өлшем жай сөз емес, ҰЛТТЫҢ ҰЛЫ ТҰЛҒАСЫ дегенді білдіреді. Ал, оны өлшейтін алтын таразы - тізгін ұстаған жылдарыңда ҰЛТЫҢА, ОНЫҢ ТҰТАСТЫҒЫНА ЕТКЕН АДАЛ ҚЫЗЫМЕТІҢІҢ деңгейі. (http://old.abai.kz/content/auyt-mykibek-koshke-osh-bolmaiyk)
Осы талапқа салып кеп жібергенде, Қазақстан Республикасының Үкіметін табаны күректей алты жыл басқарған Кәрім Мәсімов не бітірді?
Екі-үш күннен бергі ақпарат құралдарынан Кәрім Қажымханұлының атына айтылған зәредей алғысты естіген жоқпыз. Керісінше дағдарыс кезінде миллиардттаған қаржының игерілмей қалғанын, жемқорлықтың барынша асқынғанын, Жаңаөзен мен Шетпеде қара халыққа оқ атылғанын, «терористердің» қаптап кеткенін... жіпке маржандай тізіп, бетіне күйік қып басуда. Бұныңыз бер жағы ғана. Ал менің айтайын дегенім мүлде бұл емес, Кәрім Мәсімов премьерлік еткен осынау жылдар ішінде өткен ғасырдың отызыншы жылдарында жүргізілген нәубеттің әйні қатесіз қайталануы. ОЛ - ӘЛЕМНІҢ ӘР ШАЛҒАЙЫНДА ЖҮРГЕН БЕС МИЛЛЛИОН ҚАЗАҚТЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН БЕРІ АТАМЕКЕНГЕ ТОЛАССЫЗ АҒАЛЫП ЖАТҚАН ҰЛЫ КӨШІНІҢ ОСЫ КІСІНІҢ ҚОЛЫМЕН ТОҚТАТЫЛҒАНЫ. (http://janaozen.net/shbat/raym-ayyplyaza-kshn-totatudy-lta-arsy-zhariyalanbaan-soys-ashan-toptardy-reket-d.html?lang=kz) Қолдан жасалған аштықтан 4,5 миллион қазақ қырылды не; бай да, бақуатты, тәуелсіз, кең байтақ Отаны бола тұра, тілінен, дінінен, салт-дәстүрінен айырылып, айдың-күннің аманында басқа бір ұлтқа жұтылып кетті не - бәрі бір жойылу емес пе?! Демек, К.Мәсімов екінші Голощекин деген атпен аттанды Үкімет үйінен. Мен бұлай боларын баяғыда ескерткем ол кісіге. (http://www.zhasalash.kz/saraptama/7173.html, http://old.abai.kz/node/13787)
Ауыс-күйістің болып тұрғаны жақсы. Үкіметте жаңа тағайындаулар жүре бастап еді, елдің құлағы елеңдеп, көздерінен ұміт сәулесі қылаң бере бастады. Атқарушы билікке міне, Серік Ахметов келді. Жұрттың айтысына қарағанда өте жақсы жігіт. Текті жердің тумасы. Ешқандай кланда жоқ. Қолы таза. Нағыз ердің жасы елуден енді ғана асқан. Биліктің біраз баспалдағынан өткен. Қазақшаны қамшы салдырмай үйреніп алған... Бәрін айт та, бірін айт, ең бастысы өзіміздің қарапайым қазақтың баласы!
Құдайға шүкір, Үкімет құрамы да жақсы жасақталып келеді. Премьер-Министрдің орынбасары болып Қырымбек Көшербаев тағайындалды. Қырымбек Елеуұлы туралы айтудың қажеті жоқ, елге белгілі, атына заты сай, ірі тұлға. Елбасымыздың өзі ол кісіні Жаңаөзендегі қырғынға қатысы жоқ деп ақтады. Иә, бұл әлеуметтік араздықты қоздырды деп қараланған оралмандар да еш күнасыз деген сөз.
Айтпақшы, алыстан келетін ағайынның ат басын тірейтін тағы бір қара шаңырағы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Қазір оралмандар «2020. Еңбекпен қамту» бағдарламасының аясында қаржыландырылады. Оған жап-жас жігіт Серік Әбденов жайғасты. Серік Сақбалдыұлы Шығыстың шырайын кіргізіп отырған жампоз Бердібек Сапарбаевтың шекпенінен шыққан бала. ШҚО-да, Өскемен қаласының іргесінде қандастарға арнап салған 700-дей үйге Бердібек Мәшбекұлы кіргізетін отбасы таппай, баяғыда көшіп келіп алған, ауылдарға орналасып үлгірген, квотосын алып болған ағайындарды тартқанын Әбденов әбден біледі. Өйткені ол кезде Қазақ көші тоқтап үлгірген болатын. Қазаннан қақпақ кеткен жерде, итте қайдан ұят болсын?! Бақылаусыз қалған осы «Нұрлы-Көштің» ақыры қызыл-қырғын дауға ұласты. Дабыл көтерген қандастар байқұс қараланып шыға берді. Осы жағдайды ҚР Парламенті Мәжілісінде ҚР Үкіметінің 2011 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебіне қорытынды жасаған Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев мәлім еткенде барып, алыстан келген ағайынның ақ екеніне, нақақтан-нақақ күйгеніне елдің көзі әбден жетіп тынды. (http://www.inform.kz/kaz/article/2464820)
Сөйтіп көп-көрім жұмыс істеп келе жатқан жап-жақсы жобаның жолын кескен де, келетін көшті тоқтатқан да, жоғарыда айттық, тағы сол К.Мәсімов еді.
Еліміз тәуелсіздік алғалы, шынын айту керек, біраз шаруаның басы қайырылды. Бақылау күшейтіліп, жемқорлық тиылса, Қазақстанның алып кемесі аршындап алға жылжи береді.
Ендігі кезек күттірмей, қолға алатын шаруа - Көші-қон! Оның тағдырын шешпеген жағдайда істелген бар харекеттің құны көк тиын! Тәуелсіздік дүние жүзіндегі бар қазақ баласына тән, ортақ мерей. Сондықтан бес миллион қандастың көзін жат жерде мөлдіретіп қойып, ел болдық дегеніміз бекер сөз. Қайталап еске салайын, жоғарыда айтылған тарихта қалу мәселесін шешетін өлшем тап осы - Көші-қон.
Біреудің салып кеткен ылаңын бірден орнына келтіру, әрине, оңайға соқпайды. Деседе, біз Серік Ахметов Үкіметінен, оның жаңа жасқталған командасынан К.Мәсімов басына су құйған ҚАЗАҚ КӨШІН ҚАЙТА ЖАҢҒЫРТУДЫ АСЫҒА КҮТЕМІЗ! (http://www.turkystan.kz/page.php?page_id=39&id=7307) Бұл ата-бабаларымыздың арманы, Алаш көсемдерінің ұстанымы.
Іске сәт, құрметті Серік Нығметұлы!
«Алашым» деген жанның, Алла, жолын ашық қыла көр!!
Әркез Абайшыл болайық! Алашшыл болайық! Әумин!!!
«Abai.kz»