Президент Тоқаев әкім Ноғаевқа тапсырма берді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
Ноғаев өңірдегі қоғамдық-саяси жағдай туралы, сондай-ақ Маңғыстау облысын дамытудың кешенді жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалу барысы туралы баяндады.
"Әңгіме қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев облыстың әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді", - деп жазды баспасөз хатшысы.
Бұған дейін Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңір тұрғындарына үндеу жолдаған болатын. Ол соңғы күндері Жаңаөзендегі бірнеше кәсіпорын жұмысын тоқтатқанын атап өтті. Оның айтуынша, қызметкерлердің бір бөлігі жалақыны көтеруді және басқа да мәселелерді шешуді талап етіп отыр.
16 ақпандағы баспасөз мәслихатында облыс әкімі жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы еңбек дауларын шешу үшін еңбек заңнамасы аясында арнайы алгоритм бар екенін айтқан еді.
"Егер еңбек дауларына қатысты қандай да бір сұрақтар туындаса, азаматтар бұл үшін еңбек заңнамасы шеңберінде арнайы алгоритм бар екенін түсінуі тиіс. Сәйкесінше, қандай да бір талаптарды қою үшін шеруге шығудың қажеті жоқ. Ол үшін татуластыру комиссиясы, төрелік және еңбек инспекциясы сияқты заңды құралдар қарастырылған", - деді Ноғаев.
Abai.kz