Жұма, 4 Қыркүйек 2026
4401 3 пікір 19 Ақпан, 2022 сағат 17:14

Қырғыз депутаты: Балаларым қазақша сөйлеп кетті

Қырғызстанның Жоғорғы Кенешінің депутаты Нұржігіт Қадырбеков Балапан арнасының кесірінен қыздарының қазақша сөйлейтініне шағымданды.

«Депутат Нұржігіт Қадырбеков қыздарының қазақша сөйлей бастағанын айтып шағымданды. Бұл туралы ол бүгін, 17 ақпанда Жоғорғы Кенеш отырысында айтты. Оның айтуынша, қыздары қазақ тілінде ғана хабар тарататын «Балапан» арнасын көріп, қазақ тілін тез үйреніп алған», - делінген бейсенбі күні тараған хабарламада.

Ол Қырғызстандағы жергілікті балалар телеарнасын да сынға алды.

«Біздің «Баластан» арнасы жартысы орыс тілінде хабар таратады. Сондықтан балалар мемлекеттік тілді меңгеруі үшін арнаны толығымен қырғыз тіліне аудару қажет», - деді Қадырбеков.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 728
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2033
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 508
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 484