Дабыл: Бектау-Ата шатқалына қауіп төніп тұр
Бектау-Ата шатқалына қауіп төніп тұр. Өйткені алматылық «Дәнекер-Жол» ЖШС 2022-2023 жылдары жол құрылысы үшін тау сілемінен 1,5 миллион тонна тас алуға 500 тоннадан астам жарылғыш заттарды қолдануды жоспарлаған. Соның салдарынан ауданы 8 гектардан асатын карьер қалады екен, деп хабарлайды "Адырна" порталы.
Айта кетсек, Бектау-Ата Балқаш қаласынан солтүстікке қарай 70 шақырым жерде, Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында орналасқан. Ал тасты Бектау-Ата мемлекеттік табиғи зоологиялық қорығына жақын жерде өндіру жоспарланыпты. Бұл оның экожүйелеріне және туристік тартымдылығына орасан зиян келтірмек.
Осыған орай, 21 ақпан күні сағат 16:00-де ҚОӘБ материалдарымен «Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы Бектау магмалық жыныс кен орнының тау-кен жұмыстарының жоспары» жобасын қарау бойынша ZOOM платформасындағы қоғамдық тыңдау өткізілгелі жатыр.
Abai.kz